Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы

Осы жарлыққа түсініктемені , Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін қара

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі – Стратегия­лық жоспар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар өз қызметінде Стратегиялық жоспарды басшылыққа алсын және оны іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын 1 шілдеге Стратегиялық жоспарды іске асырудың мо­ниторингі қорытындыларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынып отырсын.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2010 жылғы ақпанның 1-і.

№ 922

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2010 жылғы 1 ақпандағы

№ 922 Жарлығына

қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің

кейбір күші жойылған жарлықтарының тізбесі

1. «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 43-44, 532-құжат; 2003 ж., № 49, 557-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 қарашадағы № 271 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы № 1252 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы.

3. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат; 2007 ж., № 12, 135-құжат; 2008 ж., № 27, 248-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 мамырдағы № 593 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 27, 248-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2010 жылғы 1 ақпандағы

№ 922 Жарлығымен

бекітілген

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ

Мазмұны

КІРІСПЕ

I. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАР-2020: ЖАҺАНДЫҚ ҮРДІСТЕР ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҮРДІСТЕР

Әлемдік экономикадағы үрдістер

Сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер

II. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАР-2010: НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕР

Жетістіктер

Стратегиялық жоспар-2010: негізгі нәтижелер

III. ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУЫНЫҢ ТҮЙІНДІ БАҒЫТТАРЫ

Қазақстан 2020 жылы

Қазақстанның өркендеуінің, гүлденуі мен қауіпсіздігінің орнықты тұғыры: түйінді бес бағыт

Түйінді бағыт: дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық

Бизнес ортаны жақсарту

Бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі стратегиялық мақсаттар

Қаржы секторын нығайту

Қаржы секторын дамыту жөніндегі стратегиялық мақсаттар

Сенімді құқықтық орта қалыптастыру

Сот жүйесі

Сот жүйесін реформалаудың стратегиялық мақсаттары

Заңнаманы және норма шығаруды жетілдіру

Заңнаманы және норма шығаруды жетілдірудің стратегиялық мақсаттары

Құқықтық мәдениет және азаматтардың білікті заң көмегіне қолжетімділігі

Халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру жәнеазаматтардың білікті заң көмегіне нақты қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық мақсаттар

Түйінді бағыт: экономиканы әртараптандыруды жеделдету

Қолайлы экономикалық орта қалыптастыру

Экономиканы әртараптандыруды қолдау үшін макроэкономикалық басқару

Тиімсіз жобаларға қарсы іс-қимыл

Ұлттық инновациялық жүйені құру

Табысты индустрияландыру қағидаттары

Әртараптандырудың басымдықтары

Экономиканы әртараптандырудың стратегиялық мақсаттары

Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

Ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық мақсаттар

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі

Құрылыс саласындағы стратегиялық мақсаттар

Мұнайды қайта өңдеу және мұнай-газ саласының инфрақұрылымы

Мұнайды қайта өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы саласындағы стратегиялық мақсаттар

Металлургия және дайын металл өнімдерін өндіру

Металлургия саласындағы стратегиялық мақсаттар

Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі

Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібіндегі стратегиялық мақсаттар

Атом энергетикасы мен балама энергия көздерін қоса алғанда, энергетиканы дамыту

Энергетика саласындағы стратегиялық мақсаттар

Көлік және телекоммуникациялар

Темір жол көлігі

Темір жол көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар

Автожол саласы және автомобиль көлігі

Автожол саласы мен автомобиль көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар

Әуе көлігі

Әуе көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар

Су көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар

Телекоммуникациялар

Ақпараттық-коммуникация саласындағы стратегиялық мақсаттар

Түйінді бағыт: болашаққа салынған инвестициялар

Білім

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласындағы стратегиялық мақсаттар

Орта білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттар

Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттар

Жоғары, жоғары оқу орнынан кейін білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық мақсаттар

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық мақсаттар

Денсаулық сақтауды қаржыландыру және басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі стратегиялық мақсаттар

Медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру жөніндегі стратегиялық мақсаттар

Дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру жөніндегі стратегиялық мақсаттар

Саламатты өмір салты саласындағы стратегиялық мақсаттар

Еңбек ресурстары

Еңбек ресурстарының санын ұлғайту жөніндегі стратегиялық мақсаттар

Түйінді бағыт: азаматтарға қызмет көрсету

Халықты әлеуметтік қорғау

Өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі стратегиялық мақсаттар

Әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіру жөніндегі стратегиялық мақсаттар

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы стратегиялық мақсаттар

Түйінді бағыт: ұлттық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың орнықтылығын қамтамасыз ету

Ішкі тұрақтылықты қолдау

Этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту саласындағы стратегиялық мақсаттар

Саяси жүйені одан әрі жаңғырту саласындағы стратегиялық мақсаттар

Ұлттық қауіпсіздік

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стратегиялық мақсаттар

Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат

Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат саласындағы стратегиялық мақсаттар

IV. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАР-2020-НЫ ІСКЕ АСЫРУ НЕГІЗІ: НӘТИЖЕЛІ МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР

Нақты өкілеттіктер мен жауапкершілікті айқындау

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

Мемлекеттік қызметті кәсібилендіру

Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару

Мемлекеттік сектор реформаларын басқару

V. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАР-2020-НЫ ІСКЕ АСЫРУ МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Мониторинг және бағалау жүйесі

Азаматтарды тарту

Мониторинг үшін статистикалық деректер базасын құру

ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе

1997 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Президентінің «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы (бұдан әрі — «Қазақстан-2030» стратегиясы) белгіленді. Бұл Стратегия егеменді республиканы әлемнің ең қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдерінің біріне айналдыруға бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын айқындап берді.

«Қазақстан-2030» стратегиясында жеті ұзақ мерзімді басымдық айқындалған: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуы; шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; кәсіби мемлекет. Осы басымдықтар елді одан әрі дамыту жөніндегі нақты іс-қимылдар әзірлеудің негізіне айналды.

Қазақстан Республикасының Президенті 2001 жылғы желтоқсанда бекіткен Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі — Стратегиялық жоспар-2010) «Қазақстан-2030»стратегиясын іске асырудың алғашқы онжылдық кезеңі болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі — Стратегиялық жоспар-2020) 2010 жылдан бастап 2019 жылды қоса алғандағы аралықты қамтитын «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асырудың келесі кезеңі болмақ.

Стратегиялық жоспар-2010-ды іске асырылудың аяқталу мерзіміне қарай және Стратегиялық жоспар-2020-ны әзірлеу кезеңінде дамудың сыртқы жағдайлары елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазақстан соңғы жетпіс жыл ішіндегі ең ауыр жаһандық дағдарысқа қарсы тұруға беттеді.

Экономикалық айналымның әсер етуі, бірінші кезекте, ағымдағы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы ұлттық экономиканың әлемдік немесе өңірлік дағдарыстардың келеңсіз салдарларына төтеп беруін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру қажеттілігін анықтайды.

Елдің дағдарыстан кейінгі дамуы үшін жағдайлар жасайтын бірінші кезектегі шаралар іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, елдің қаржы жүйесін нығайтуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға шоғырландырылады.

Экономиканың сапалы өсуі елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуына ықпал ететін физикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, адами ресурстарды дамытуға және институционалдық базаны нығайтуға негізделеді.

Әлеуметтік қорғалу, ішкі тұрақтылық және үйлестірілген сыртқы саясат мәселелері таяудағы онжылдықта елдің даму басымдықтарының қатарында сақталатын болады.

Әртараптандырылған экономиканың негізінде ел азаматтарының әл-ауқатын арттыру Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асырудың басты жетістігі болады.

I. Стратегиялық жоспар-2020: жаһандық үрдістер

Әлемдік экономикадағы үрдістер

Стратегиялық жоспар-2010 әзірленіп жатқан кезеңде әлемдік экономика өркендеу сатысына енген еді. Стратегиялық жоспар-2020-ға дайындық түбегейлі өзге — жаһандық экономикалық құлдырау жағдайларында жүзеге асырылды.

2007 жылдың екінші жартысында АҚШ-тағы ипотекалық облигациялар нарығының құлдырауынан басталған қаржы-экономикалық дағдарыс іс жүзінде әлемнің барлық мемлекеттерін қамтыды. 2009 жылдың басында әлемдік сауда көлемінің өсу қарқыны 50-ден астам пайыздық тармаққа: жылына 20 пайыздық жылдық өсімнен 30 пайыздық төмендеуге дейін азайды.

Жаһандық экономиканың дамуын бағалау оны қалпына келтіру баяу жүреді дегенге негізделеді. Әлемдік сұраныстың азаюына орай экспорттық нарықтағы бәсекелестік күшейе түседі, ал тауарлардың бағасы орнықты өсерліктей жағдай жасалмайды немесе қалай болғанда да өткен онжылдыққа қарағанда ақырын өсетіні байқалады.

Жаһандық экономиканың болжанып отырған шамалы өсімі мен экологиялық таза энергетикалық технологиялардың өскелең рөлінің ұштасуы дәстүрлі энергия тасығыштардың әлемдік бағасының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Таяу онжылдықта азық-түлік қауіпсіздігі әлемдік қоғамдастықтың үнемі назар аударатын саласы болады. Жаһандық рецессия азық-түлік бағасының 2007-2008 жылдарда байқалған біршама жоғары деңгейімен салыстырғанда уақытша төмендеуіне алып келді. Сонымен қатар, көптеген елдерде адам саны өсуінің жалғасуы және әлемдік экономиканың қалпына келуі азық-түлік тауарлары бағаларының ұзақ мерзімді өсуіне алып келеді деп болжанып отыр. Жер ресурстарына бай, халқы көп елдердің ортасында тұрған Қазақстан азық-түлікке өсіп отырған әлемдік сұранысты қанағаттандыруға сай болу үшін отандық ауыл шаруашылығын дамытуды ынталандыруы тиіс.

Жақын болашақта денсаулық сақтаудағы жаһандық проблемалар, сірә, күшейе түспек, өйткені түрлі елдердің адамдары арасындағы байланыс барған сайын қарқын алып келеді. Нәтижесінде Қазақстанның аумағына түрлі аурулардың тарау қатерлері арта түседі. Барлық елдер үшін АҚТҚ/ЖҚТБ әлі де айтарлықтай қатер төндіріп отыр. Адамдардың денсаулығы үшін жаңа A/H1N1 вирусы қауіпті болып тұр.

Ағымдағы жаһандық дағдарыс әлемдік экономикада өзара байланыстың жоғары дәрежеде болуының да өз кемшілігі бар екенін көрсетті. Дамыған елдердегі қаржы және экономикалық проблемалардың әлемдегі ахуалға әсер етуінің нәтижелері еркін нарықтың ашықтығы мен құндылықтарының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы дау туғызып отыр. Жекелеген елдердің әлемдік сауданың дамуын шектейтін және өңірлендіру үдерістеріне ықпал ететін протекционистік экономикалық саясаттың түрлі нысандарына ұмтылыстарының күшейіп отырғандығымен есептеспеуге болмайды.

Күтіліп отырған жаһандық жылыну нәтижесінде климаттың өзгеру проблемаларымен және атмосфераға зиянды заттар шығарындыларын бақылау қажеттілігімен қатар, Қазақстанға өңірлік проблемаларды шешуге қатысуға тура келеді. Мәселен, Орталық Азия және Батыс Қытайдың ірі өзендер ресурстарын пайдаланатын елдерде экономикалық белсенділік пен халық санының өсуі жалғасатындықтан, ал климаттың өзгеруі судың қолжетімділігі мен сапасына қосымша келеңсіз ықпал ететіндіктен суды пайдалану мәселелері өткірлене түседі. Көші-қон, халықтың жұмыспен қамтылуы, сауда және қаржы қатынастары секілді басқа да өңірлік мәселелер біршама өзекті бола түседі.

Сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер

Өткен онжылдық ішінде Қазақстан экономикасы әртараптандырылған, қауіпсіздік пен демократия жағдайында өмір сүретін, өзінің табиғи ресурстарын барлық азаматтарының игілігі үшін пайдаланатын, халқы білімді әрі денсаулығы мықты елдің болашақта дамуы үшін негіз қалады. Бұған мұнай және басқа да минералдық ресурстарға баға қарқынды өсіп отырған жағдайда экспорттан түсетін табыстың ұлғаюы едәуір ықпал етті. Таяудағы онжылдықта елдің одан әрі дамуына мұндай жағдай кепілдік бола бермейді.

Ағымдағы әлемдік дағдарыс жағдайында жаһандық экономиканың болашақтағы дамуы барынша айқын еместігін және оны болжау мүмкін еместігін түсінгендік еді. Және де бұл фактіні одан әрі экономикалық дамуды жоспарлау кезінде ескеру кажет.

Әлемнің жетекші экономикалары аса күрделі бәсекелес жағдайларда жұмыс істейтін болады және жұмыс күшінің өнімділігін, инфрақұрылымға және телекоммуникацияларға инвестиция салуды арттыру, қаржы жүйелерін нығайту, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау арқылы келесі экономикалық айналымға дайындалу жөніндегі алдын-алу шараларын қабылдайтын болады. «Қазақстан-2030» стратегиясында қойылған дәл осындай міндеттер Қазақстан үшін стратегиялық тұрақтылықтар болып табылады. Келесі онжылдық ішінде Қазақстанда осы міндеттерге қол жеткізу жұмысы жүргізілетін болады.

Қазақстан көмірсутек шикізатының ірі өндірушілерінің бірі болып қала береді. Сонымен бірге республика энергетиканы технологиялық жаңғыртуды және энергия үнемдеуді дамытуды жеделдете отырып, жаһандық жылыну проблемаларын шешуге қатысады. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы, әсіресе, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу одан әрі дамитын болады. Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі аурулардың жаңа түрлеріне қарсы тұруға қабілетті болады.

Инфрақұрылымды жаңғырту және қоршаған ортаны қорғау міндеттері ескеріле отырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саясатын қалыптастыру есебінен елдің табиғи ресурстарын, әсіресе, су ресурстарын пайдалану тиімділігі өседі.

Қазақстан тұрақты саяси ортаға, айтарлықтай экономикалық және адами капиталға, бай табиғи ресурстарға, негізгі өндірістік инфрақұрылымға, тұрақты қаржы жүйесіне ие бола отырып ағымдағы әлемдік экономикалық дағдарыстан туындаған сын-тегеуріндерді теңгерімді де орнықты дамуға қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктерге айналдыруға қабілетті.

Ауқымды жоспарларды іске асыру бюджеттік шектеулердің күшейтілуіне тап келерін ескере отырып мемлекеттік инвестициялар кірістілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізілетін және қабылданып отырған бағдарламалар тиімділігі арттырылатын болады.

II. Стратегиялық жоспар-2010: негізгі нәтижелер

Стратегиялық жоспар-2010 өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік сектор секілді әрбір басым сала бойынша күтілетін нәтижелерді айқындай отырып, «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асырудың негізін қалады.

Стратегиялық жоспар-2010 бәсекеге қабілетті экономика құру, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, сондай-ақ әлеуметтік саладағы, бірінші кезекте, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі міндеттерді белгіледі. Мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің ара-жігін ажыратуға, әкімшілік етудің сапасын арттыруға сүйене отырып, мемлекет қызметінің тиімділігін арттыру да өткен онжылдық кезеңдегі маңызды стратегиялық басымдық болды. Бұл міндеттердің кейбірі орындалды немесе орындалуға жақын, алайда міндеттердің бір бөлігі келесі онжылдықта да өзекті болып қала береді.

Жетістіктер

2000 және 2009 жылдар аралығында Қазақстан Стратегиялық жоспар-2010-да белгіленген кейбір түйінді салаларда айтарлықтай прогреске қол жеткізді. ІЖӨ өсуі жыл сайын орташа 8,5 %-ды құрап, 2008 жылы өзінің алғашқы мәнінен 2,3 есе асып түсті. 2007 жылы өнеркәсіп өндірісі екі еселеу (нақты өсім — 78 %) жөніндегі онжылдық кезеңнің мақсаттарына жетті, ауыл шаруашылығы өндірісі 1,44 есе өсті,»ол 2000 жылға қарағанда 1,5 есеге өсудің нысаналы көрсеткішіне қол жеткізді деп айтуға болады. Экономиканы жедел әртараптандыру үшін берік негіз қаланды. Даму институттары құрылып, табысты жұмыс істеуде, қажетті заңнама дайындалды.

Денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғау салаларында айтарлықтай өзгерістер болды: туберкулез ауруы 30 %-ға төмендеді, жұмыс істейтін халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту ұлғайды; денсаулық сақтау мен білім беру жүйесінің инфрақұрылымы едәуір жаңарды. Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті ұлғайды. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен темен халықтың үлесі 2000 жылғы 31,8 %-дан 2008 жылы 12,7 %-ға дейін қысқарды. Өмірдің күтілетін ұзақтығы 65-тен 68 жылға дейін өсті. Мемлекеттік секторда маңызды реформалар басталды. Бұл жетістіктер Стратегиялық жоспар-2020 іске асыру үшін тұрақты негіз қалады.

Өзектілігі сақталып отырған сын-тегеуріндер

Стратегиялық жоспар-2010-ды іске асыру кезеңінде көптеген басым салалар бойынша айтарлықтай прогреске қол жеткеніне қарамастан, реформалаудың күн тәртібінің көптеген тармақтары аяқталмай қалып отыр. Бәсекеге қабілетті әрі әртараптандырылған экономиканы дамыту бағдарламаларын іске асыру одан әрі жалғастыруды талап етеді. Білім беру жене денсаулық сақтау қызметтерін көрсету сапасы елі де жақсартуды талап етеді. Стратегиялық жоспар-2010-ды іске асыру кезеңінде басталған мемлекеттік сектордағы реформалар әлі де аяқталмай қалып отыр. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігінің ажыратылуы, мемлекеттік қызметтегі ынталандырулар жүйесін дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және оларға әкімшілік етудің тиімділігін арттыру — осы мәселелердің бәрі Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асыру кезеңінде одан әрі шешуді талап етеді.

III. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының түйінді бағыттары

Қазақстан 2020 жылы

Қазақстан 2020 жылы әлемдік дағдарыстан біршама қуатты және бәсекеге қабілетті, экономикасы әртараптандырылған және халқы белсенді түрде жаңа экономикаға тартыла отырып шыныққан елге айналады.

2020 жылға қарай Қазақстан ел экономикасының шикізат емес секторына елеулі шетелдік инвестиция тартуға мүмкіндік беретін қолайлы іскерлік ахуал қалыптасқан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарында болады. Экономика келесі экономикалық дағдарыстарға жақсырақ дайын болады. Қазақстан шектес елдермен және басқа да мемлекеттермен өзінің саяси және экономикалық байланыстарын нығайтады.

2020 жылға қарай ел әртараптандырылған экономиканы дамыту үшін қажетті адами ресурстарға, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер мен экспорттаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады. Көлік инфрақұрылымы мен телекоммуникацияны қарқынды дамыту арқылы өзге әлеммен үзіліссіз байланыс қамтамасыз етіледі. Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласы тау-кен өнеркәсібімен қатар лайықты орын алады. Әлеуметтік салада және қоршаған ортаны қорғау саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіледі.

2020 жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты мәнде алғанда 2009 жылғы деңгейінің1 үштен бірінен жоғары өседі. Экономиканы әртараптандыру жоспарларын табысты іске асыру есебінен экономиканың қайта өңдеу салаларының өсу көрсеткіштері 2020 жылға қарай өндіруші салалардың өсу көрсеткіштерінен жоғары немесе оларға тең болады.

Ойластырылған макроэкономикалық саясат жүргізу нәтижесінде 2020 жылға қарай алтын-валюта резервтерінің деңгейі (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін қоспағанда) үш айлық импорттан немесе (қандай көрсеткіштің жоғары болатынына қарай) елдің мемлекеттік және корпоративтік секторларының қысқа мерзімді (1 жылға дейін) сыртқы борышынан төмен болмайды. Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30 %-ын құрайды. Осы кезеңде инфляция орташа алғанда жылына 5-8 % деңгейінде сақталып тұрады. Айырбас бағам саясаты қазақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігінің теңгерімін қамтамасыз етеді.

2020 жылға қарай табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8 %-ға төмендейді Халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, мүмкіндігі шектеулі адамдар, әйелдер, балалар мен жастар өздерінің барынша қорғалғанын сезінеді және өздерінің қоғамдағы мүмкіндіктерін кеңейте алады. Бала-бақшадан университетке дейін сапалы білім беру бүкіл ел бойынша қолжетімді болады, халық денсаулығының жағдайы айтарлықтай жақсарады. Денсаулық сақтау қызметтері әлемнің үздік стандарттарына сай болады. Қазақстандықтар барынша саламатты өмір салтын ұстанып, темекі шегетіндер мен алкогольді асыра пайдаланатындар саны азаяды. Қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларында мемлекеттік тілді қолдану дәйекті және кезең-кезеңімен кеңейеді. Әртүрлі этностық топтар мен діни конфессия өкілдері ішкі тұрақтылық, қауіпсіздік, бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір сүруін жалғастыратын болады.

_________________________________________________

1 Осы жерде және одан әрі Стратегиялық жоспар-2020 мәтіні бойынша, егер өзгеше көрсетілмесе, нысаналы индикаторлар (көрсеткіштер) мәндерінің өзгеруі 2009 жылдың деңгейіне қарап көрсетіледі.

Қазақстанның өркендеуінің, гүлденуі мен қауіпсіздігінің орнықты тұғыры: түйінді бес бағыт

Таяу онжылдықта түйінді бес бағыт мемлекет қызметіндегі басымдықтар болады:

1) дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық;

2) инфрақұрылымды индустрияландыру мен дамыту арқылы әртараптандыруды жеделдету есебінен экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету;

3) болашаққа салынған инвестициялар — орнықты экономикалық өсуге, қазақстандықтардың өркендеуі мен әлеуметтік әл-ауқатына қол жеткізу үшін адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

4) халықты сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;

5) ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Экономиканы қалпына келтіруге дайындық үдерісінде Қазақстан оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін реформаларды жеделдетіп іске асыруы керек. Бірінші түйінді бағыт — дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық — бірінші онжылдық кезеңінде нәтижесі көрінетін шараларды қамтиды. Бұл біршама қолайлы бизнес орта құру, қаржы секторын нығайту және құқықтық жүйені жетілдіру.

Екінші түйінді бағыт шеңберіндегі іс-қимылдар елді үдемелі индустрияландыру бағдарламасын іске асыру және инфрақұрылымды дамыту нәтижесінде Қазақстан экономикасын әртараптандыруды жеделдетуге ықпал ететін болады. Бұл экономикалық үлгіні өзгертуге және экстенсивті, шикізаттық даму жолынан индустриялық-инновациялық дамуға көшуге мүмкіндік береді. Елді инфрақұрылымдық дамыту жоспарлары экономиканы үдемелі әртараптандыруға және елге шетел инвестицияларын тартуға ықпал ететін энергетика, көлік және телекоммуникация салаларын жаңғыртуға шоғырланады.

Адами ресурстардың саны мен сапасы кез келген елдің болашағын айқындайтын негіз құрушы факторлар болып табылады. Адами капитал — бұл инновациялардың және экономиканың тиімділігін арттырудың негізгі қозғаушы күші. Үшінші бағыт — болашаққа салынған инвестициялар — Қазақстанның адами ресурстарының сапасын ұзақ мерзімді кезеңде арттыру үшін қажетті шараларды қамтитын болады.

Төртінші түйінді бағыт — азаматтар үшін қызмет көрсету шеңберінде — халықты әлеуметтік қорғау және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тиімді көрсету жөніндегі шаралар күшейтілетін болады.

Бесінші түйінді бағыт — ұлтаралық келісім, қауіпсіздік, халықаралық қатынастардың тұрақтылығы шеңберінде — ішкі тұрақтылықты, қауіпсіздікті, бейбітшілік пен келісімді нығайту, бейбіт сүйгіш сыртқы саясатты дамыту жөніндегі шаралар көзделетін болады.

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі бес түйінді бағытының негізі ұтымды макроэкономикалық саясат болып табылады. Экономиканы қалпына келтіру жене әртараптандыру, оның «қызып кетуін» болдырмау үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында экономиканың өсуі кезеңінде мемлекеттің шығыстарын азайтуды және оларды экономикалық бәсеңдеу кезеңінде ұлғайтуды көздейтін антициклдық фискалдық саясат іске асырылатын болады. Бұл ретте келесі онжылдық кезеңнің соңына қарай бюджеттің мұнай емес тапшылығы ІЖӨ-ге 3 %-дан аспайды. Ақша-кредит саясаты инфляцияны тежеу жөніндегі шаралардың тиімділігін арттырады. Айырбас валюта бағамының саясаты қазақстандық экономиканың ішкі жене сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталады.

Түйінді бағыт: дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық

Жаһандық қалпына келу кезінде Қазақстандағы іскерлік ахуал елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізін қамтамасыз етеді. Ол экономиканы жеделдетіп әртараптандыру және отандық бизнесті дамыту үшін ауқымды инвестицияларды тартуға ықпал ететін шешуші фактор болып табылады. Орнықты қаржы жүйесі және сенімді құқықтық орта да кәсіпкерлікті дамытуда сындарлы рөл атқарады.

Бизнес ортаны жақсарту

Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асырудың алғашқы жылдары мемлекет отандық кәсіпкерлер үшін де және халықаралық инвесторлар үшін де бизнес жүргізудің құнын азайтуға бағытталған белсенді шараларға бастама жасайды. Әкімшілік рәсімдердің шеңберін белгілей және оларды жүзеге асырудың ашықтығын арттыра отырып, мемлекет төрешілдік пен сыбайлас жемқорлықтың Қазақстандағы іскерлік ахуалдың маңызды аспектілеріне ықпал етуін төмендетуге ұмтылатын болады.

Бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

экономиканың шикізат емес секторларына салынатын отандық және шетелдік инвестициялар (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, қызметтер) кемінде 30 %-ға ұлғаяды

ІЖӨ-ге тікелей шетел инвестицияларының (ТШИ) үлесі он пайыздық деңгейге ұлғаяды

ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің (ШОБ) үлесі 7-10%-ға ұлғаяды инвестиция көздері әртараптандырылады (әрбірінің үлесі 5% және одан көп болатын негізгі 10 инвестор ел)

Қазақстан Дүниежүзілік Банктің «Бизнес жүргізудегі жеңілдік» («Doing Business») рейтингі бойынша көрсеткіштері ең жақсы 50 елдің қатарына енеді

Қазақстан «Transparency International» рейтингінде сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі бойынша елдердің үштен бірінің ішінде алдыңғы қатардағы орынды иеленеді

2015 жылға қарай

Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің «Бизнес жүргізудегі жеңілдік» («Doing Business») рейтингі бойынша көрсеткіштері 2011 жылмен салыстырғанда жеті позицияға жақсарады

уақыт пен шығындарды қоса алғанда, бизнесті тіркеуге және жүргізуге байланысты операциялық шығындар (рұқсат алу, лицензия алу, сертификат алу, аккредитация, консультация алу) 2011 жылмен салыстырғанда 30%-ға төмендейді

2011 жылға қарай

жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдау үшін реттеушілік әсер етуді талдау әдістемесі (РӘТ) әзірленетін болады

Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің «Бизнес жүргізудегі жеңілдік» («Doing Business») рейтингі бойынша көрсеткіштері 2008 жылмен салыстырғанда жеті позицияға жақсарады

Еуропа қайта құру және даму банкі мен Дүниежүзілік Банктің Іскерлік ахуалға және кәсіпорындар жұмысының тиімділігіне шолудағы (BEEPS) бизнес ортаның даму көрсеткіштері жақсарады

уақыт пен шығындарды қоса алғанда, бизнесті тіркеуге және жүргізуге байланысты операциялық шығындар (рұқсат алу, лицензия алу, сертификат алу, аккредитация, консультация алу) 30%-ға төмендейді

Қаржы секторын нығайту

Қазақстанның қаржы жүйесінің одан әрі дамуы ағымдағы жаһандық дағдарыстың негізгі қорытындыларын ескеретін болды:

қандай да болмасын қарыз алу коммерциялық, қаржылық және валюталық тәуекелдерді бақылауға мүмкіндік беретін қатаң пруденциалды стандарттарға және ашықтық талаптарына негізделуі тиіс;

халықаралық капитал нарықтарына қолжетімділік банк секторының және мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларының сыртқы борышының деңгейін жауапты басқаруды талап етеді;

ел ішіндегі жинақтар деңгейінің өсуі орнықты, ашық және тиімді реттелетін болуы тиіс қаржы жүйесіне сенімнің нығаюына байланысты.

Экономиканы қалпына келтіру кезеңінде қаржы жүйесін мемлекеттік қолдау сақталады, алайда, бірте-бірте жеке бастамаға орын бере отырып, тікелей мемлекеттің қатысуы азаятын болады.

Отандық қаржы жүйесін одан әрі реттеу барынша толық және қаржы секторының макроэкономикалық байланыстарын жан-жақты ескеретін болады. Белсенді экономикалық өсу кезеңінде пруденциалдық нормативтер бәсеңдеу жағдайында жинақталған әлеуетті пайдалану үшін күшейтілетін болады.

Жалпы алғанда, қаржы секторының дамуы елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы үшін қаржы ресурстарын тартуға бағдарланады.

Қор жасаудың ішкі көздері халықтың және отандық кәсіпорындардың бос ресурстары есебінен көбейеді. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері ретінде ресурстарды тарту үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы нығайтылатын мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерінің рөлі мен маңыздылығы артады.

Елдің қаржы секторына деген сенімділікті қалпына келтіру жене ол көрсететін қызметтер аясын кеңейту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілетін болады. Қаржы қызметтерін тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктерін кеңейтуге, қаржы ұйымдарында ішкі бақылаудың тиімді жүйесі мен тәуекел-менеджментті енгізуге, сондай-ақ олардың қызметінің ашықтығын арттыруға айрықша көңіл бөлінеді.

Ішкі ресурстардың өсу шамасына қарай жобалық инвестициялау құралдарын қоса алғанда қаржы құралдарының кең ауқымы бар қор нарығы одан әрі дамиды. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және исламдық қаржыландыру қор нарығын дамытуда маңызды рөл атқаратын болады. Бұған құнды қағаздардың барабар айналыс көлемін қамтамасыз ететін мемлекеттік құнды қағаздар нарығының одан әрі дамуы да септігін тигізеді.

Қазақстанның толыққанды бағалы қор нарығын қалыптастыру және оның халықаралық капитал нарығымен ықпалдасуы шеңберінде Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы одан әрі дамитын болады. Стратегиялық перспективада мемлекет халықаралық стандарттарға сәйкес келетін Алматы қаласының бәсекеге қабілетті қаржы орталығын дамыту және оның Азиядағы жетекші он қаржы орталығының қатарына кіруі үшін қажетті жағдайларды жасайды.

Жалпы алғанда, елдің қаржы секторын дамыту Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың дағдарыстан кейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Қаржы секторын дамыту жөніндегі стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

қаржы ұйымдарының институционалдық базасы кеңейтілді және олардың инвестициялық мүмкіндіктері ұлғаяды

банк секторының сыртқы міндеттемелерінің үлесі оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде 30%-дан аспайды

қаржы нарығы қызметтердің кең спектрін ұсынады және инвесторлар мен қаржы қызметтерін тұтынушылардың арасында сенімге ие болады

отандық қор нарығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Орталық Азия елдерінің ішінде ислам банкингінің өңірлік орталығына айналады

2015 жылға қарай

халықтың жинақтарын тартудың баламалы көздерін дамыту үшін жағдайлар жасалады

қарай халықтың қаржылық сауаттылығын және инвестициялық мәдениетін көтеру жөніндегі іс-шаралар сәтті іске асырылады

мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерінің рөлі мен маңыздылығын арттыру жөніндегі шаралар кешенінің іске асырылуы қамтамасыз етіледі

Сенімді құқықтық орта қалыптастыру

Сенімді құқықтық ортаға заңның үстемдік принципінің сөзсіз сақталуы арқылы қол жеткізіледі және ол азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілердің өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сөзсіз қорғалуына деген сенімділігін, бизнес жүргізу кезінде жеке қауіпсіздігін сезінуін, транзакциялық шығындардың төмен болуын қамтамасыз етеді, ішкі және сыртқы инвестицияларды ынталандырады.

Ұлттық құқықтық жүйені жаңғырту және оны үздік халықаралық практикаға сәйкес келтіру, сондай-ақ адам, кәсіпкерлік пен мемлекет құқықтарының сенімді сақталуын қамтамасыз ету мақсатында келесі салалардағы реформаларға екпін жасалады:

сот жүйесінің ашықтығын және тәуелсіздігін, сот корпусының бейтараптығы мен кәсібилігін арттыру;

заңнаманы жетілдіру және норма түзушілік сапасын арттыру;

халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін, оның ішінде сот және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби мәдениетін арттыру және азаматтардың білікті заң көмегіне нақты қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Отандық құқықтық жүйені жаңғыртудың тұжырымды ұстанымдары және оның 2020 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында айқындалған.

Сот жүйесі

Сот жүйесін одан әрі реформалау соттардың шынайы тәуелсіздігі, сот төрелігін атқаруға азаматтық қоғамның тиімді қоғамдық бақылауы, судьялардың кәсібилігі мен бейтараптығы, сот ісін жүргізуді оңайлату және тым артық регламенттеуді алып тастау принциптерімен жүргізіледі, осының нәтижесінде қоғамның сот жүйесіне деген жоғарғы сеніміне қол жеткізіліп, соттардың жұмыс істеу тиімділігі артады. Сот төрелігін атқару кезінде сот сатылап құрылуының барлық деңгейлерінде және сатыларында судьялардың тәуелсіздігіне ұйымдастырушылық-құқықтық кепілдіктер қамтамасыз етілетін болады.

Сот жүйесін реформалаудың стратегиялық мақсаттары

2020 жылға қарай

Қазақстан Республикасының»соттардың төуелсіздігі» көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі рейтингіндегі орны жиырма позицияға жақсарады

сот жүйесінің тәуелсіздік және бейтараптық деңгейі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының міндеттемелеріне (адами өлшемдер саласында) сәйкес деп танылады

2015 жылға қарай

тергеу іс-қимылдарын соттық бақылау кеңейтіледі

2013 жылға қарай

жүгіну субъектілері істерінің қолжетімділігіне, қарапайым әрі жедел шешілуіне кепілдік беретін сот жүйесі құрылады

сотта қараудың толықтай жариялылығы мен ашықтығы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жария дерек қорында соттардың қорытынды іс жүргізу шешімдерінің қарар бөлігін орналастыру жолымен қамтамасыз етіледі

2012 жылға қарай

судьяларға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары және судьяларға үміткерлерді іріктеу рәсімдерінің транспаренттілігі (ашықтығы) артады

үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, сот процесіне қатысушылар мен кәсіпқой заңгерлер арасында жүргізілетін, алынған нәтижелердің жариялылығын және соттар мен судьялардың рейтингілерін құруды көздейтін мерзімді әлеуметтік зерттеулермен барлық соттарды барабар қамту қамтамасыз етіледі

2011 жылға қарай

соттардың мамандануы олардың өкілеттіктері нақты ажыратыла отырып кеңейтілді, оңайлатылған іс жүргізу институттары дамуда

жеке меншік сот орындаушылар институтын енгізе отырып, сот шешімдерін орындаудың аралас моделі енгізіледі

Заңнаманы және норма шығаруды жетілдіру

Мыналар заңнаманы және норма шығаруды жетілдірудің негізгі бағыттары болады:

Қазақстанның заңнамалық базасының тұрақтылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, оның сапасын арттыру және ескірген жене қайталайтын нормаларды алып тастау, құқықтық реттеудегі олқылықтарды жою және сілтеме нормаларды азайту, тікелей қолданылатын заңдарды қабылдау практикасын кеңейту арқылы жүйелеу;

нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге тәуелсіз сарапшыларды, үкіметтік емес сектордың өкілдерін кеңірек тарту, осы саладағы озық білімдерді пайдалана отырып, салалық ғылыми сараптамаларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу негізінде норма түзушілік процесіндегі кәсібилікті күшейту.

Заңнаманы және норма шығаруды жетілдірудің стратегиялық

Мақсаттары

2020 жылға қарай

нормативтік құқықтық актілер жобаларының сапасын бағалаудың халықаралық стандарттарына және оларды барлық тараптардың мүдделерін теңдестіріп ескеруге мүмкіндік беретін жария түрде талқылау рәсімдеріне негізделген заң шығарудың тиімді тетіктері енгізіледі

2012 жылға қарай

«электрондық үкімет» инфрақұрылымы шеңберінде және мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарының сақталуын ескеріп, нормативтік құқықтық актілердің жүйелендірілген әрі түпкілікті деректер базасына жалпыға бірдей тегін қол жеткізу қамтамасыз етіледі

тәуелсіз сарапшыларды, үкіметтік емес сектордың өкілдерін кеңірек тарту, осы саладағы озық білімдерді пайдалана отырып, салалық ғылыми сараптамаларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу негізінде норма түзушілік сапасын арттыру жөніндегі тетіктер енгізілді; заң жобаларын әзірлеу сапасының өлшемдері әзірленеді

қылмыстық заңнаманы, оның ішінде кішігірім және орта ауырлықтағы қылмысты алғаш рет жасаған адамдарға және әлеуметтік осал азаматтарға қатысты, сондай-ақ кішігірім ауырлықтағы қылмыстарға жататын құқық бұзушылықтарды оларды әкімшілік және азаматтық-құқықтық жауапкершілік саласына өткізу жолымен қылмыстық сипаттан арылту арқылы қылмыстық заңнаманы кешенді ізгілендіру жүргізіледі

заңды тұлғалардың банкроттық тетіктері жетілдіріледі

2011 жылға қарай

ескірген және қайталайтын нормаларды алып тастауға, сондай-ақ құқықтық реттеудегі олқылықтарды жоюға мүмкіндік беретін заңнамалық актілердің құқықтық мониторингі енгізіледі

Қазақстанда мүдделік қолдау институтының жұмыс істеуі үшін құқықтық негіз жасалады, корпоративтік мүдделерді ілгерілетудің сыбайлас жемқорлық схемасын жоятын тетіктер регламенттеледі

контрактация тәуекелдерін тәуелсіз бағалау институттарын (рейтингтік агенттіктерді, кредиттік бюроларды) және корпоративтік дауларды оңайлатылған шешу институттарын (аралық соттарды, коллекторлық агенттіктерді) одан әрі дамыту тұжырымдамасы әзірленеді

Құқықтық мәдениет және азаматтардың білікті заң көмегіне

қолжетімділігі

Құқықтық мәдениеттің жоғары болуы азаматтардың құқықтық бағдарлануын қамтамасыз етеді және кез келген заңдылық бұзушылықтарға, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына төзбеуін қалыптастырады. Ол, ең алдымен, халықтың құқықтық санасын дамыту деңгейіне байланысты.

Азаматтардың құқықтық санасының деңгейін арттыру үшін мемлекеттің негізгі күш-жігері құқықтық насихатты (қоғамдық заң білімін жандандыру) кеңейтуге және азаматтық қоғамның тиімді институттарын дамытуға бағытталады.

Қазақстандық қоғамның жоғары құқықтық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде адвокаттардың, сот және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби мәдениетінің деңгейін арттыруға, олардың сапалы кәсіби даярлығына ерекше көңіл бөлінеді.

Бұл ретте таяудағы онжылдықта мемлекет халықтың білікті заң көмегіне қол жеткізуін кеңейту үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды.

Халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру жәнеазаматтардың білікті заң көмегіне нақты қол жеткізуін

қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

Қазақстанның әрбір азаматы үшін мүліктік жағдайына қарамастан білікті заң көмегін беру тетіктерін жетілдіру есебінен білікті заң көмегіне нақты қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

кәсіби заңгерлер мен адвокаттардың біліктілігі жоғары қызметтері нарығы құрылады

2013 жылға қарай

Қазақстан Республикасы азаматтарының білікті заң көмегін алу тетіктерін жетілдіру жөніндегі кешенді жоспар әзірленеді

2012 жылға қарай

халықтың құқықтық мәдениетін арттыру шеңберінде азаматтық қоғам институттарының орнықты дамуы үшін қажетті құқықтық база қалыптасады

Қазақстан азаматтарының құқықтық мәдениетін, оның ішінде құқықтық насихатты кеңейту және заң білімінің сапасын арттыру арқылы көтеру жөніндегі кешенді жоспар әзірленеді

Түйінді бағыт: экономиканы әртараптандыруды жеделдету

Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асыру кезеңінде үдемелі индустрияландыру жолымен экономиканы әртараптандыру жеделдетіледі.

Экономиканың өнімділігін кешенді арттыруға бағытталған елді индустрияландыру келесі бағыттар бойынша іске асырылатын болады:

шикізат өндірістерінің кейіннен барынша жоғары қайта бөлістерге өтуімен, дәстүрлі салаларды: мұнай-газ секторын, тау-кен-металлургия кешенін, атом және химиялық өнеркәсіпті дамыту;

жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялар мен мемлекеттің сұранысына негізделген секторларды: мәшине жасауды, құрылыс индустриясын, қорғаныс өнеркәсібін, фармацевтиканы дамыту;

шикізат секторына байланысты емес және көп жағдайда экспортқа бағытталған өндірістерді: агроөнеркәсіптік кешенді, жеңіл өнеркәсіпті, туризмді дамыту;

әлемдік экономикада кейінгі 15-20 жылда басым рөл атқаратын»болашақ экономика» секторларын: ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, биотехнологияларды, баламалы энергетиканы дамыту.

Қазақстанды индустрияландыру қолайлы экономикалық ортаны қалыптастырумен және табысты иңдустрияландыру қағидаттарын сақтаумен бірге жүреді.

Қолайлы экономикалық орта қалыптастыру

Қолайлы экономикалық ортаға ұтымды макроэкономикалық саясатпен, тиімсіз жобаларға қарсы іс-қимыл жүйесін құрумен, ұлттық инновациялық жүйені қалыптастырумен, оның ішінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жобалар (ҒЗТКЖ) жүйесін жетілдірумен қолдау жасалады.

Экономиканы әртараптандыруды қолдау үшін макроэкономикалық басқару

Қазақстан шикізат ресурстарын ірі экспорттаушы ретінде шикізатты экспорттаудан түсетін қаржыны пайдалану мен экономиканың барлық салаларында дамуға ықпал ететін макроэкономикалық жағдайларды жасау арасыңдағы теңгерімді қамтамасыз етеді.

Табиғи ресурстардан түскен пайданы тез жұмсау валютаның айырбас бағамын жоғарылатады және»экономиканың саудаласпайтын салаларын» (қаржы секторы, жылжымайтын мүлікпен операциялар және қызмет көрсету саласы) дамытуға жетелейді. Қазақстанда валюталық бағамды бақылаудың жоғалуынан өз кезінде жанданған агроөнеркәсіптік кешеннің және өңдеуші өнеркәсіптің іс жүзінде жоғалуына тап болған ресурстарға бай басқа елдердің тәжірибесі ескеріледі.

Осыны ескере отырып оның сақтандырушы қызметінің күшейтілуімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қолдану тұжырымдамасы жетілдірілетін болады.

Тиімсіз жобаларға қарсы іс-қимыл

Экономиканы әртараптандыруды жеделдету үдерісінде мемлекет тиімсіз жобалардың іске асырылуына қарсы тұрады. Әртараптандыруда мемлекеттік қаржыны жұмсау үдерісінің ашықтығы артады. Мемлекеттік қаржыны алатын барлық жобалар үшін қаржылық және экономикалық рентабельділік стандарттары енгізіледі. Шет елдердің оң тәжірибесін ескере отырып мемлекет қаржыландыратын инвестициялық жобаларды бағалау күшейтіледі.

Ұлттық инновациялық жүйені құру

Шетелдік тәжірибені талдау әлемнің барлық үздік инновациялық жүйелері көп жағдайда елеулі мемлекеттік қолдауға ие болатындығын айғақтайды.

Экономиканы әртараптандыру шеңберінде мемлекет ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуын мынадай принциптерде қамтамасыз етеді:

1) әлемдік деңгейдегі университеттер құру және ҒЗТКЖ-ның озық жүйесін қалыптастыру үшін университеттік ғылымды одан әрі дамыту;

2) гранттар жүйесі негізінде мемлекет үшін басым ҒЗТКЖ қаржыландыру. Елдің индустрияландыру басымдықтарына сәйкес ҒЗТКЖ басымдықтарын айқындауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия жүзеге асырады;

3) шетел мамандарын қоса алғанда, сарапшыларды тарта отырып, гранттарға өтінімдерді бағалаудың транспаренттік үдерісін енгізу;

4) ұлттық қажеттіліктерге бейімделген тиімді шетелдік технологияларды қолдану.

Табысты индустрияландыру қағидаттары

Қазақстанды индустрияландыру мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) мемлекеттік және жеке меншік секторлардың рөлдерін нақты анықтау;

2) компаниялар мен мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығын барынша арттыру;

3) тауарлар сапасы және жұмыстар мен қызмет көрсетулердің өнімділігі өсуінің, олардың құнын төмендетудің жетекші факторы ретінде бәсекелестікті қамтамасыз ету.

Елдің экономикалық мүдделерін қорғау мен жылжытудың сенімді жүйесін қалыптастыру, отандық тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін сыртқы рыноктарға қолжетімділік жасау және жосықсыз бәсекелестікті жою мақсатында тиімді сауда саясаты жүргізіледі.

Өзара сауданы дамыту, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттігін арттыру мен инвестициялардың өсуіне жәрдемдесу мақсатында Қазақстан ТМД-дағы ықпалдасу үдерістерінің белсенді қатысушысы болады. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағының қалыптасуы мен дамуы серпінді жоба болады. Үш елдің ықпалдасуының келесі кезеңі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру болады.

ТМД-дағы өңірлік экономикалық бірлестіктерді қолдай отырып, республика Бүкіләлемдік сауда ұйымына елдің экономикалық даму басымдықтарына жауап беретін шарттарда кіру үдерістерін жеделдетеді.

Әртараптандырудың басымдықтары

Бірінші сатыда (2010-2014 жылдар) отандық экономиканы үдемелі әртараптандыру, бірінші кезекте, жеті бағыт бойынша іске асырылады. Бұл — агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі; мұнайды қайта өңдеу жене мұнай-газ саласының инфрақұрылымы; металлургия және дайын металл өнімдерін өндіру; химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі; энергетика; көлік жене телекоммуникациялар.

Осы бағыттар, сондай-ақ туризм индустриясы және мәшине жасау Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының басымдықтары болады.

Екінші сатыда (2015-2019 жылдар) әртараптандырудың басым бағыттары мен түйінді көрсеткіштері Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижелерін ескере отырып анықталатын болады.

Экономиканы жемісті әртараптандыру республиканың орнықты дамуымен, соның ішінде:

жаңартылатын ресурстар мен энергия көздері негізінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу, жел энергетикасының, күн және геотермалдық энергетиканың дамуы үшін ынталандырушы жағдайлар жасалады, су ресурстарын бірігіп басқару принциптерін ескере отырып, елдің су ресурстарын тиімді пайдалану технологиялары енгізіледі, сондай-ақ халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде одан әрі күш-жігер жұмсалады;

инвестициялар тарту, экологиялық проблемаларды шешу, антропогендік ауыртпалықтардың келеңсіз әсерін азайту, табиғатты пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссияны азайту жөніндегі жауапкершілігін күшейту, қалдықтарды кешенді қайта өңдеу мәселелерін де қамти отырып орнықты дамуды басқару жүйесін оңтайландыру және көмірлілігі төмен экономиканың»жасыл» саясатын енгізу жолымен үздіксіз байланысты.

Экономиканы әртараптандыру экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру мен халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру жөніндегі жоспарлармен үйлестіріледі.

Қазақстанның елордасы — Астананың одан әрі дамуына ерекше мән берілетін болады. Астана қаласының орнықты дамуының 2030 жылға дейінгі бекітілген стратегиялық жоспарына сәйкес басты мақсаты Қазақстанның астанасын бәсекеге қабілетті экономикасы, ел азаматтары мен туристер үшін тартымды, қолайлы қоршаған ортасы бар қала ретінде қалыптастыру болып табылады. Стратегиялық жоспар-2020 іске асыру кезеңінде Астана қаласының 2030 жылға қарай әлемнің ең бәсекеге қабілетті отыз қаласының қатарына кіру үшін қажетті жағдайлар жасалады.

Елдің басқа аймақтарын дамыту жөніндегі, олардың экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған шаралар қабылданатын болады.

Экономиканы әртараптандырудың стратегиялық мақсаттары

2020 жылға қарай

ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі кемінде 13%-ды құрайды

жалпы экспорт көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі кемінде 45%-ды құрайды

шикізаттық емес экспорттың көлемі өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өндірісінің кемінде 50%-ын құрайды

өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі кем дегенде 2 есеге ұлғаяды

агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі кемінде 4 есеге ұлғаяды

шикізаттық емес сектордың өзіндік құнындағы көліктік шығыстардың үлесі кемінде 15%-ға қысқарады

ІЖӨ энергия сыйымдылығы кемінде 25%-ға азаяды

инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 20%-ға дейін ұлғаяды

2015 жылға қарай

ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі кемінде 12,5%-ды құрайды

жалпы экспорт көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі кемінде 40%-ды құрайды

шикізаттық емес экспорттың көлемі өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өндірісінің кемінде 43%-ын құрайды

өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі кемінде 1,5 есеге ұлғаяды

агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі кемінде 2 есеге ұлғаяды

шикізаттық емес сектордың өзіндік құнындағы көліктік шығыстардың үлесі кемінде 8%-ға қысқарады

ІЖӨ энергия сыйымдылығы кемінде 10%-ға азаяды

инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 10%-ға дейін ұлғаяды

Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін

қайта өңдеу

Жер ресурстарына бай Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту жағынан ұзақ мерзімді салыстырмалы басымдығы бар. Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру және ауылшаруашылық қайта өңдеудегі қосылған құнды ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғасады. Ауыл шаруашылығында суды тиімді пайдаланудың артуымен қатар, өсімдік шаруашылығының жаһандық жылынуының ықтимал салдарларына бейімделу шаралары іске асырылады.

Ауылдық жерлерде ел халқының шамамен 50 %-ы тұратындығын ескере отырып аграрлық саланы дамыту ауылда тұратын халықтың өмір сапасын арттырудың шешуші факторы болып табылады. Осыған байланысты ауылдың әлеуметтік жене инженерлік инфрақұрылымын дамыту, оңтайлы ауылдық орналастыруды модельдеу жұмысы жалғасады.

Ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық мақсаттар

2015 жылға қарай

экспорттың жалпы көлемінде аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 8%-ға дейін ұлғаяды

агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі кемінде 2 есеге ұлғаяды

етті қайта өңдеу 27%-ға дейін, сүт — 40%-ға дейін, жеміс және көкөніс — 12%-ға дейін ұлғаяды

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі

Экономиканың өсуімен құрылыс қызметтері мен құрылыс материалдарына деген сұраныс артады. Құрылыс материалдарының 50 %-ы елге импортталатынын ескерсек, құрылыс индустриясының және құрылыс материалдары өндірісінің дамуына зор мүмкіндіктер бар.

Құрылыс саласындағы стратегиялық мақсаттар

2015 жылға қарай

құрылыс материалдарының 80 %-ы ел ішінде шығарылады, құрылыс және құрылыс материалдарының жалпы өндірісінің 20%-ы экспортталады

Мұнайды қайта өңдеу және мұнай-газ саласының инфрақұрылымы

Елдің бай минералдық ресурстары мұнай мен газ экспортының өсуіне ғана мүмкіндік туғызбайды. Жаңа құбыржолдарды салумен қатар мұнай және газды қайта өңдеу секторы, оның ішінде интеграцияланған газ-химия кешенін салу есебінен дамитын болады.

Мұнайды қайта өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы

саласындағы стратегиялық мақсаттар

2014 жылға қарай

отандық мұнай өңдеу зауыттарымен елдің отынға деген сұранысы толық қанағаттандырылады

2012 жылға қарай

Бейнеу—Бозой—Ақбұлақ газ құбыры елдің оңтүстігін жылына 5 млрд. текше метр көлемде газбен қамтамасыз етеді

Металлургия және дайын металл өнімдерін өндіру

Металл рудаларының зор қорларына ие бола отырып, Қазақстанда дайын металлургиялық өнімдердің отандық өндірісін дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар.

Металлургия саласындағы стратегиялық мақсаттар

2015 жылға қарай

металлургиялық өнім өндірісі мен экспорты екі есе өседі

Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі

Химия өндірісін дамыту мақсатында 18 жоба іске асырылуда. Химия өнеркәсібін одан әрі дамыту органикалық химия мен полимерлер, органикалық емес химия, арнайы химикаттар мен тұтыну химиясының базалық өнімдері өндірісімен байланысты болады. Фармацевтика өндірісі дамиды. Қорғаныс өнеркәсібінде елдің Қорғаныс Күштерін жаңарту бағдарламалары жүзеге асырылады.

Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібіндегі

стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

мемлекеттің қорғаныс саласындағы тапсырысының 80%-ы отандық өндіріспен қамтамасыз етіледі

химия өнімдерінің жалпы өндірісі 3 есеге өседі

химия өнімдерінің 20-дан астам жаңа түрін ендіру ұйымдастырылады

2015 жылға қарай

хлор-сілтілік өндіріс каустикалық сода бойынша жылына 100 мың тоннаға дейін кеңейтіледі

минералды тыңайтқыштардың түрлерін шығару жылына 3 млн. тоннадан асады

2014 жылға қарай

елдегі дәрілік заттар тұтынудың жартысы отандық өндіріспен жабылады

2013 жылға қарай

химиялық өндіріс үшін шикізатты қайта өңдеу және байыту қуаттары енгізіледі

күкірт қышқылының өндірісі жылына 2500 мың тоннадан артық көлемге жеткізіледі

куаттылығы жылына 400 мың тонна кальцийлендірілген соданың өндірісі ұйымдастырылады

Атом энергетикасы мен балама энергия көздерін қоса алғанда, энергетиканы дамыту

Экономикалық даму қарқындары және экономиканы әртараптандыру энергетика секторына елеулі қысым жасайды. Өнеркәсіптің отандық салалары біршама энергия сыйымды және олардың энергияны үнемдеудің зор әлеуеті бар. Энергияны пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды іске асырумен қатар ішкі қажеттіліктерді, әсіресе батыс және оңтүстік өңірлерде, қанағаттандыру үшін оның өндірісін үдету талап етіледі. Осыған байланысты энергия көздері мен электр желісі кәсіпорындарында қазіргі қуаттарды кеңейту мен реконструкциялау және жаңаларды салу жөнінде жұмыстар жүргізілетін болады.

Энергетика секторын дамыту шеңберінде Қазақстан ауқымды мақсатқа — парниктік газдарды атмосфераға шығаруды азайтуға жәрдемдеседі.

Барынша арзан, экологиялық жағынан таза энергияны алу әдістерінің бірі атом энергетикасын дамыту болып табылады. Атомдық энергетика кешендері қолда бар отын және минералдық ресурстарды оңтайлы және теңгерімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Энергияның баламалы көздерін пайдалану үлесі жалпы энергия пайдалану көлемінде 1 %-дан аз мөлшерді құрайды. Экологиялық проблемаларды шешуді ескере келе электр энергетикасын дамытудың басым бағыттарының бірі жаңартылатын энергетика ресурстарын (су энергиясы, жел және күн энергиясы) пайдалану болып табылады, олардың пайдаланылмаған әлеуеті өте зор.

Электр энергетикасы секторында нарықтық жағдайда саланың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін баға және тариф түзу реформалары жүргізіледі. Электр желілері компаниялары үшін тариф түзудің жаңа тетігі енгізілетін болады.

Энергетика саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

экономика қажеттіліктерін қанағаттандыратын жеке меншік көздерден энергия шығару 100%-ды құрайды

энергияның баламалы көздерін пайдалану үлесі

энергия пайдаланудың жалпы көлемінде 3%-дан артық болады

АЭС және Балқаш ЖЭС салынып, пайдалануға енгізіледі

ядролық отын циклімен тігінен біріктірілген компания құрылады

бар генерациялайтын энергия қуаттары және тарату энерго жүйелері реконструкцияланады және жаңартылады

2015 жылға қарай

энергияның баламалы көздері пайдаланудың энергия пайдаланудың жалпы көлемінде 1,5 %-дан артық болады

Балқаш ЖЭС бірінші кезегінің құрылысы аяқталады

2012 жылға қарай

электр энергиясына бағаларын және электр энергиясын беру мен таратуға тарифтерін қалыптастырудың ұзақ мерзімді тарифтік саясаты әзірленеді және енгізіледі

Көлік және телекоммуникациялар

Көлікті дамытудың негізгі бағыттары көлік инфрақұрылымының төрт негізгі құраушыларының: темір жол, автомобиль, әуе және су тиімділігін арттыру және интеграциялау болып табылады.

Елдің транзиттік әлеуеті кеден және шекара рәсімдерін реформалаумен үйлестікте көлік инфрақұрылымына нысаналы инвестициялар арқылы арттырылатын болады.

Елдің ішкіконтиненталдық орналасуы және теңізге шығудың жоқтығы қазақстандық тауарларды сыртқы өткізу нарықтарға жеткізуде, импорттық өнімдерді әкелуде, Ресей және Қытаймен сауда байланыстарын дамытуда, сондай-ақ Түркіменстан және Иран арқылы Парсы шығанағының порттарына қолжетімдігінде көліктің рөлін күшейтуде.

Темір жол көлігі

Темір жол саласын реформалау мемлекеттік реттеуді жетілдіруді, жеке бастамаларға жағдайлар жасауды, сондай-ақ негізгі құралдарды елеулі жаңарту мен жаңғыртуды қамтиды. Саланың институционалдық құрылымындағы шешуші өзгерістер инфрақұрылымдық және тасымалдаушылық қызметтің түрлерін ұйымдастырушылық, қаржылық және операциялық бөлуді; мемлекет тарапынан тасымалдаушылық қызметті бағалық реттеудің жоқтығын; тәуелсіз тасымалдаушылардың магистральдық темір жол инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуін қамтамасыз етуді және шығынды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауларды мемлекеттік субсидиялауды білдіреді.

Темір жол көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

Қазақстан ішінде және одан тыс жүк және жолаушы тасуды жеделдету үшін 1400 км. жаңа темір жол желілері салынды, бұл ретте құрылысты қаржыландырудың кем дегенде 50%-ы жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады

темір жол көлігінің негізгі активтердің тозуы 40%-ға төмендейді

жүк поездарының темір жолдарының транзиттік учаскелердің бойымен қозғалудың орташа техникалық жылдамдығы 55 км/сағ кем болмайды

экспорттық өнімнің өзіндік құнындағы темір жол көлігімен тасымалдау шығыстарының үлесі 20%-ға төмендейді

электрленген темір жол желілерінің үлесі жалпы темір жол ұзындығының 40%-нан кем болмайды

әрбір оператор үшін нарықтағы үлесі кем дегенде 7% болатын жүк және жолаушыларды тасымалдау саласында 5 немесе одан көп тәуелсіз ірі операторлар жұмыс істейді

Қазақстан аумағы бойынша транзитті тасымалдаулардың көлемі екі есе артады

2013 жылға қарай

«Жетіген—Қорғас» темір жол желісі салынады

темір жол көлігін басқарудың жаңа жүйесі енгізіледі

жүк және жолаушылар тасымалы саласында жаңа тариф саясаты іске асырылды және магистральдық темір жол желісі қызметтерінің 10 жылға арналған шекті тарифтері бекітіледі

2012 жылға қарай

«Өзен — Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісі салынады

Автожол саласы және автомобиль көлігі

Автожол саласын одан әрі дамыту жолдарды ұстауды жетілдіруге және магистральдық инфрақұрылымға инвестицияларды қамтамасыз етуге бағытталған саланы одан әрі ырықтандыру жөніндегі институционалдық реформалармен және шаралармен үйлестікте қамтамасыз етіледі.

2020 жылға Қазақстанның ірі қалалары мен елді мекендерді өзара байланыстыратын қазіргі заманғы автожол желісі салынады. Бұл ретте жергілікті маңызы бар автожолдарды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Автожол саласы мен автомобиль көлігі саласындағы

стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

республикалық маңызы бар 16 мың км. автомобиль жолдары салынады және реконструкцияланады

Қазақстан аумағы бойынша транзитті тасымалдаулардың көлемі екі есеге артады

2015 жылға қарай

орташа есеппен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 85% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда

орташа есеппен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 70% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда

2014 жылға қарай

«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі реконструкцияланады

2012 жылға қарай

республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде ақылы жүйе енгізіледі

«Евро-3» экологиялық стандарты енгізіледі

халықаралық тасымалдауларда цифрлы тахографтар енгізіледі

Әуе көлігі

Азаматтық авиацияны дамыту әуе тасымалдауларды реттеудің бірте-бірте ырықтандырумен, әуе тасымалдау инфрақұрылымын қолдауға инвестициялар салумен, ұшу қауіпсіздігі мен әуе қауіпсіздігіне талаптардың күшейтілуімен үйлеседі.

Әуе көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

15 аэропорт ИКАО санатына ие боладыъ

әуе тасымалының бәсекелес нарығы құрылады

4 халықаралық әуежай —»хаб» жұмыс істейді

транзитті тасымалдаулардың көлемі екі есе артады

2015 жылға қарай

халықаралық әуе қатынастарының саны екі есе артады

еуропалық авиациялық стандарттар толық енгізіледі

Су көлігі

Су көлігі саласын дамытудың басым бағыттары порттық және қызмет көрсету инфрақұрылымды дамыту, сауда флотын қалыптастыру, кадрлық әлеуетті дамыту және кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Су көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

Қазақстанның теңіз порттарының өткізу қабілеті 48 млн. тоннаға дейін жеткізіледі

2016 жылға қарай

Қазақстан Республикасының порттарынан Каспий теңізіне ұлттық теңіз сауда флоты мұнай тасымалдау көлемінің 2/3 және құрғақ жүк тасымалдау көлемінің 1/2 қамтамасыз етеді

2015 жылға қарай

Каспий теңізінің қазақстандық секторы акваторийі мен ішкі су жолдарында кемелердің қауіпсіз жүзуі қамтамасыз етіледі

Телекоммуникациялар

Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) қарқынды дамуы мен бейімделуі экономикалық көрсеткіштерге ғана емес адам өміріне де ықпал ете отырып, қоғам дамуының басты факторы болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық кеңістікті құру мақсатында телекоммуникация саласының дамуын ынталандыру, қазіргі заманғы АКТ саласы инфрақұрылымын қалыптастыру, телекоммуникациялық және электрондық қызметтерді тарату, сондай-ақ серпінді ақпараттық қоғамның негіздерін құру жалғасады.

Ақпараттық-коммуникация саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

қазіргі жоғары жылдамдықты оптикалық және жетексіз технологияларға негізделетін, халыққа және ұйымдарға мультимедиалық қызметтер ұсынуға бағытталған телекоммуникация инфрақұрылымы қалыптасады

АКТ саласында базалық қызметтерге халықтың қол жетімділігі 100 пайыздық деңгейге жеткізіледі

халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі 60 %-ға дейін өседі

2015 жылға қарай

жергілікті телефон байланысының сандық жүйеге ауысуы 100%-ға жетеді

Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының телефон байланыстары мен Интернетке шығуы 100%-ға жетеді

халық саны 1000 адам болатын елді мекендердің барлығы ұялы байланыс қызметтерімен қамтамасыз етіледі

Қазақстан Республикасында АКТ-ның дамуын ықпал ететін құқықтық негізі қалыптастырылған және салалық стандарттау деңгейі халықаралық нормаларға жеткізіледі

халықтың компьютерлік сауаттылығы 40%-ға жеткізіледі

Қазақстанның барлық аумағында цифрлық хабар тарату жүйесі орнатылады

әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтердің»электронды үкімет» және»электронды әкімдіктер» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде электронды формаға ауысуы кемінде 50 %-ға қамтамасыз етіледі

Интернет желісінің қазақстандық сегментін мемлекеттік қолдаудың шаралар жүйесі құрылады

Түйінді бағыт: болашаққа салынған инвестициялар

Адам ресурстарының дамуы елдің ұзақ мерзімді стратегияларының жоғарғы басымдығы ретінде айқындалады. Экономикалық пайдалар болашақта жұмыс күшінің сапасы мен өнімділігін елеулі түрде арттыратын білім беру мен денсаулық сақтауға инвестициялар салумен тығыз байланысты.

Сондықтан келесі он жылдықта білім беру мен денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын арттыруға ерекше маңыз берілетін болады. Адам санының, бірінші кезекте, оның табиғи өсімі мен оңтайлы көші-қон саясатын жүргізу есебінен ұлғаюына зор көңіл бөлінеді.

Отбасылық қолайсыздық пен әлеуметтік жетімдіктің, қараусыз және қадағалаусыз қалушылықтың, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мен сақтандыру мәселелерін шешетін балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігі арттырылады.

Мемлекеттік жастар саясаты бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыруға бағытталады, ол әлеуметтік-саяси және экономикалық жаңаруларға қатысатын әлеуметтік белсенді топ болады. Отансүйгіштік сана сезімді, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, белсенді қоғамдық көзқарас пен саламатты өмір салтын қалыптастыруға, кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетті дамытуға, жас таланттарды табуға және қолдауға бағытталған жас ұрпақпен белсенді жұмыс жасаудың тиімді үлгісі әзірленетін болады.

Білім

2020 жылға қарай білім беру жүйесінің барлық деңгейлері — мектепке дейінгі білімнен жоғары білімге дейін түбегейлі жаңғыртылатын болады. Білім берудің әрбір деңгейінде білім алу, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру, адамның бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа білім мен дағдыларды алу мүмкіндіктері ұсынылады.

Мемлекет барлық балаларға тұратын жеріне және отбасының табысына қарамастан мектепке дейінгі тәрбие беру және оку мүмкіндіктерін ұсынатын болады.

Орта білім беру жүйесінде оқытудың 12 жылдық білім беруге көшуі іске асырылады, ол он жыл ішіндегі жалпыға міндетті білім беруді және екі жыл ішіндегі бейінді білім беруді қарастырады. Бұл ретте оқу бағдарламаларының мазмұны өмірде және мамандықта аса қажетті құзыреттіліктерді дамытуға бағытталатын болады.

Орта білім жүйесін жаңғыртуға ықпал ететін түпкілікті жобалардың бірі»Назарбаев. Зияткерлік мектептер» жобасы болады. Бұл мектептер бала-бақшасы мен мектеп алдындағы, сондай-ақ 12 жылдық білім беру бағдарламасы үшін оқу-тәрбие бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және сынау жөніндегі бастапқы алаңдар болып табылады. Осы бағдарламалар қазақстандық білім берудің озық үлгілерінің әлемдік педагогтық тәжірибенің озық үлгісімен үндесетін, физика-математикалық, химия-биологиялық бағыттағы пәндер бойынша бағдарлануды қарастыратын, көп тілде білім беру ортасын жасауға ықпал ететін болады.

Білікті кадрларды даярлау елді индустрияландыру жөніндегі жоспарлармен байланыстырылатын болады. Техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру жүйесінде мемлекет негізгі жұмыс беруші ретінде білім беру стандарттарын белгілеген кеңестік жүйеден мазмұны Ұлттық біліктілік жүйесі арқылы кәсіби стандарттармен қалыптасатын нарық жүйесіне көшу жоспарлануда.

Орта, техникалық, кәсіптік және жоғары білім беруде электронды оқыту жүйесі (e-learning) енгізіледі.

Жоғары оқу орындарына корпоративтік менеджмент принциптерін енгізе отырып, академиялық еркіндік берілетін болады.

Білім беруде маңызды жобалардың бірі Астана қаласында әлемдік деңгейдегі беделді жоғары оқу орны — Назарбаев университетін құру жобасын іске асыру болып табылады. Бұл университет Қазақстанның ұлттық бренді болады, отандық инженерлік-техникалық және ғылыми кадрларды даярлауда және қазіргі заманғы ғылыми-зерттеу инфрақұрылымды қалыптастыруда сапалы серпінді қамтамасыз етеді.

Университеттің құрамына кіретін әрбір мектептің (институттың) жетекші жоғары оқу орындары арасынан шетелдік академиялық әріптесі және мықты ғылыми және өндірістік базасы болады. Бұл елдің индустриялық-инновациялық даму міндеттерін шешу үшін білімді, ғылым мен өндірісті біріктіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Университет бағдарламасының»Назарбаев. Зияткерлік мектептер» жобасының мектепке дейінгі және орта білім беру оқу бағдарламаларымен сабақтастығы қамтамасыз етіледі.

Білім беру қызметтерінің сапасы білім беруді қаржыландыру жүйесін жақсартумен, үкіметтік емес, коммерциялық емес агенттіктерді енгізу есебінен білім беру жүйесінің инфрақұрылымын кеңейтумен, халықаралық стандарттар бойынша оқу орындарын аккредиттеудің ұлттық жүйесін және тәуелсіз рейтингтерді құрумен, оку орындарына бірлесіп басқару элементтерін ендіру, оның ішінде осы үрдіске азаматтарды қатыстырумен, білім беру сапасын бақылау тетіктерін жетілдірумен сүйемелденетін болады. Қомақты мемлекеттік қолдаудың арқасында ұстаз мамандығының беделі айтарлықтай артады.

Мемлекет денсаулығы бұзылған, аз қамтамасыз етілген отбасындағы және тәуекел топтарға жататын балалар үшін білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласындағы

стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

мемлекет қалаларда да ауылдық жерлерде де балаларды мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен толықтай қамту үшін мүмкіндіктерді ұсынады

2015 жылға қарай

әр елді мекенде кем дегенде бір мектепке дейінгі ұйым бар немесе мектепке дейін тәрбиелеудің басқа нысандарын жүзеге асыру үшін жағдайлар бар болады

мектепке дейін оқыту және тәрбиелеу қызметтерінің жеке жабдықтаушыларын дамытуды ынталандыратын жағдайлар бар болады

мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен 70 пайыздық қамтуды қамтамасыз ететін мемлекеттік және жеке балабақшалар жүйесі дамиды

аймақтардың ерекшеліктеріне байланысты мектепке дейін тәрбиелеу мен оқытудың алуан түрлі үлгілері әрекет етіп, дамиды

Орта білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

жалпы білім беретін мектеп білімді, жоғары өнегелі, сыншыл ойлайтын, денесі де, рухани жағынан да дамыған, өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа қабілетті азаматты қалыптастыру үшін академиялық білім беріп, дағдыларды дамытады

қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушылары PISA, TIMSS, PIRLS сияқты, халықаралық салыстырмалы зерттеулерде жоғары нәтижелерге жетеді

2015 жылға қарай

жалпы білім беретін мектептер 12 жылдық үлгі бойынша, орта білім берудің жаңартылған ұлттық стандарттары, оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша жұмыс істейді

орта мектептерді жан басына қаржыландыру тетігі енгізілген, мектептердің қамқоршылық кеңестері жұмыс істейді

Қазақстанның барлық өңірлерінде»Назарбаев. Зияткерлік мектептер» жобасы шеңберінде 20 мектеп жұмыс істейді

Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы

стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

әлемдік білім беру кеңістігіне біріктірілген техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесі жұмыс істейді

ішкі және сыртқы еңбек нарықтары танитын Ұлттық біліктілік жүйесі енгізіледі

жұмыс берушілер техникалық жене кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің білімдері мен дағдыларының жоғары сапасын мойындайды

2015 жылға қарай

еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін техникалық және кәсіптік білім берудің стандарттары оқу жоспарлары/бағдарламалары жаңартылады

жұмыс берушілер техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі салалық және өңірлік кеңестердің жұмысына қатысады

жасына, білім беру деңгейіне және кәсіптік біліктілігіне қарамастан, бүкіл өмір бойы оқыту үшін жағдайлар жасалады

Жоғары, жоғары оқу орнынан кейін білім беру және ғылым

саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

Қазақстанның жоғары білім беру сапасы білім беру саласындағы әлемнің ең үздік тәжірибелеріне сәйкес келеді

кемінде, Қазақстанның екі ЖОО үздік әлемдік университеттер рейтингіне енгізіледі

жоғары оқу орындарының түлектері жұмыс берушілер тарапынан сұранысқа ие болады

2015 жылға қарай

Қазақстанның жоғары мектебі Болон процесінің негізгі параметрлеріне сәйкес тиімді әрі сәтті жұмыс істейді

жоғары білім беру жүйесі барлық деңгейде транспарентті, басқару мен қаржыландырудың қазіргі заманғы тетігі енгізілген, сыбайлас жемқорлық деңгейі айтарлықтай азайтылады

қазақстандық ЖОО-лардың 50%-ы халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалдық аккредиттеуден өтеді

университеттер жанындағы зерттеу орталықтары технологиялардың сәтті трансферті үшін тетіктер әзірлейді

Назарбаев университеті біліктілігі жоғары мамандар мен жас ғалымдарды оқытып шығарады

Денсаулық сақтау

Адами капиталдың сапасын арттыру мақсатында медициналық көмек көрсетуді жақсарту және саламатты өмір салтын ұстануды уәждеме қалыптастыруға бағытталған азаматтардың денсаулығын нығайтудың саясаты жүргізіледі.

Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

халық өмірінің күтілетін ұзақтығы 72 жылға дейін өседі

аналар өлімі 2 есе азаяды

сәбилер өлімі 2 есе азаяды

жалпы өлім 30%-ға азаяды

туберкулезбен ауыру 20%-ға азаяды

2015 жылға қарай

халықтың өмір сүруінің күтілетін ұзақтығы 69 жылға дейін өседі

аналар өлімі 1,5 есе азаяды

сәбилер өлімі 1,5 есе азаяды

жалпы өлім 15%-ға азаяды

туберкулезбен ауыру 10%-ға азаяды

Медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы денсаулық сақтау жүйесінің бірінші кезектегі міндеті болады. Бұл үшін мемлекеттік медициналық ұйымдарды басқару жене денсаулық сақтау жүйесіндегі инвестициялық саясатты жүргізу тәсілдері қайта қаралады, нәтижелерге бағдарланған медициналық қызметтерге ақы төлеу және қаржыландыру жүйесі енгізіледі, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудің сапалы жүйесі құрылады.

Саламатты өмір салтын ұстану және өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік қағидаты денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат сияқты, халықтың күнделікті өмірінің де ажырамас бөлігі болуы керек. Бұл темекі тарту, алкогольді теріс пайдалану, стресс, дене қимылы белсенділігінің темен болуы, дұрыс тамақтанбау салдарынан туындайтын аурулармен сырқаттану деңгейін қысқартуға мүмкіндік береді. Адамның зиянды дағдыларына қарсы күрестің тиімді тәсілдерінің бірі елдегі бұқаралық дене тәрбиесі-спорт қозғалысын дамыту болады.

Денсаулық сақтауды қаржыландыру және басқару жүйесін жетілдіру

жөніндегі стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

денсаулық сақтауды қаржыландыру және медициналық қызметтерге ақы төлеудің тиімді жүйесі құрылады

денсаулық сақтауды басқарудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, қазіргі заманғы және тиімді жүйесі құрылады

азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті арттырудың жаңа тетіктері енгізіледі

2015 жылға қарай

дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау жүйесі енгізіледі

республика азаматтары үшін тұратын мекен-жайынан тәуелсіз тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық қызметтерді алуда тең жағдайлар жасалады

халықтың жеке бейресми төлемдерінің деңгейі төмендейді және қолданыстағы ТМККК жүйесімен катар тең төлеу тетігі енгізіледі

денсаулыққа салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау жүйесі әзірленеді

тиімді тарифтік саясат енгізіледі

2013 жылға қарай

Қазақстан Республикасында денсаулықты сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі қалыптастырылады

Медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру жөніндегі

стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

бастапқы медициналық-санитарлық көмекке (БМСК) жұмсалатын шығыстар деңгейі ТМККК-ге бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 40 %-ға дейін жеткізіледі

стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының негізгі көрсеткіштері (төсек айналымы, болудың орташа ұзақтығы және т.б.) тиімділіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді

2015 жылға қарай

БМСК шеңберінде медициналық қызметтердің 30 %-ын жалпы практикасы бар дәрігерлер көрсетеді

стационарлық көмек негізінен көп бейінді ауруханаларда көрсетіледі

Дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру жөніндегі

стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі құрылады

2015 жылға қарай

ТМККК шеңберінде қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қол-жетімділік, әсіресе ауылдық жерлерде арттырылады

денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдары сатып алатын дәрілік заттардың бағаларына мемлекеттік реттеу енгізіледі

Саламатты өмір салты саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыру идеологиясы қалыптасады

дене тәрбиесімен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 30%-ға дейін ұлғаяды

дене тәрбиесімен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 15%-ға дейін ұлғаяды

2015 жылға қарай

дене тәрбиесімен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 25%-ға дейін ұлғаяды

дене тәрбиесімен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 12%-ға дейін ұлғаяды

халық арасында темекі тарту, нашақорлық және алкоголь ішімдіктерін ішу 15%-ға азаяды

Еңбек ресурстары

Экономиканы әртараптандыру жөніндегі жоспарларды іске асыру қажетті дағдысы бар еңбек ресурстарын арттыруды талап етеді. Олардың ұзақ мерзімді өсуі халық санының өсуімен қамтамасыз етілетін болады. Халықтың табиғи өсімі мен көші-қонның жағымды сальдосы демографиялық көрсеткіштерді жақсартады.

Білім беру мен денсаулық сақтаудағы қайта құрулардан басқа, мемлекеттің ерекше назары еңбек қызметін қауіпсіз жағдайлармен қамтамасыз етуге, елге білікті мамандардың, оның ішінде тарихи Отанына қайтып келгісі келетін отандастардың келуіне жағдай жасайтын көші-қон саясатын жүзеге асыру арқылы көші-қон үдерістерін ұтымды басқаруға және экономиканың дамуына өзінің үлесін қосуына ерекше көңіл бөлінетін болады.

Мемлекет еңбек ресурстарының экономиканың заңды секторына өтуі үшін қосымша ынталандыруларды қалыптастырады.

Еңбек ресурстарының санын ұлғайту жөніндегі

стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

Қазақстан халқы санының өсуі 10 %-дан кем емес көрсеткішті құрайтын болады

шетел жұмыс күшін қатыстырудың мемлекеттік квотасы шеңберінде иммигранттар арасында білікті мамандардың өсуі — 50 %-ға дейін қамтамасыз етіледі

еңбекке қабілетті жастағы этностық репатрианттардың 80 %-ын жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасалады

2015 жылға қарай

шетел жұмыс күшін қатыстыруға мемлекеттік рұқсаттарды, оның ішінде маусымдық рұқсаттарды берудің икемді жүйесі енгізіледі

еңбекке қабілетті жастағы этностық репатрианттардың 40 %-ын жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасалады

Түйінді бағыт: азаматтарға қызмет көрсету

Мемлекет азаматтардың мұқтаж санаттары үшін тиімді әлеуметтік қорғау жүйесін құруды жалғастырады, сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің — электр энергиясы, жылыту, сумен қамтамасыз ету, су бөлу (канализация), газбен қамтамасыз етудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді көрсету мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейлерінде мемлекеттік органдардың қызметін айтарлықтай үйлестіруді және қызметтердің бекітілген стандарттарға сәйкес көрсетілуі үшін жауаптылықты жоғарылатуды қажет етеді.

Халықты әлеуметтік қорғау

Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту мақсатында атаулылық пен тиімділікке негізделген масылдықты ынталандырмайтын әлеуметтік қорғау жүйесін құру жалғастырылады.

Әлеуметтік қамтамасыз етудің көп сатылы жүйесі барынша жетілдіріледі және осы заманғы стандарттар мен Қазақстандағы өмір сүру деңгейіне сәйкес болады. Базалық төлемдерді көтеру, ортақ зейнетақы және жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төленетін зейнетақы төлемдерінің деңгейін сатылы түрде көтеру, халықты әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтамасыз ету егде жастағы азаматтар, мүгедектер, асыраушысынан айырылған адамдар және өзге де әлеуметтік қатерлерге ұшыраған азаматтар үшін лайықты тұрмыс жағдайын қамтамасыз етеді.

Атаулы әлеуметтік көмек және халықтың әлжуаз санаттарын қолдау жүйесінің одан әрі дамуы қоғамдық тәуекелді төмендетуге және кедейлікті белсенді еңсеру мүмкіндігін кеңейтуге бағытталатын болады. Осыған байланысты өнімді жұмыспен қамтылуды ынталандыруға, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылуының жалпы деңгейін арттыруға және жұмыссыздықты азайтуға бағытталған шаралар кешені іске асырылатын болады.

Қоғамдық қызмет көрсету саласының кеңеюіне елеулі мән берілетін болады. Мемлекеттік стандарттарды енгізу мен арнайы қоғамдық қызмет көрсету саласының сапасын арттыру, бәсекелес ортаны дамыту және азаматтық қоғамның мүмкіндігін кеңінен пайдалану мұқтаж адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі

стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

жұмыссыздық 5%-дан төмен деңгейде болады

халық арасыңдағы жұмыспен қамтамасыз етілген жоғары санаты бар жұмыс күшінің үлес салмағы 50%-ға дейін өседі

ірі және орта кәсіпорындардың ұжымдық-еңбек қатынастары жүйесі 90-95 пайызға қамтамасыз етіледі

2015 жылға қарай

жұмыссыздық 5,5% деңгейіне дейін қысқарады

еңбек ресурстарын кәсіби дайындаудың үш сатылы жүйесі енгізіледі

жұмыспен қамту органдарына көмек сұрап келген адамдардың кем дегенде 70%-ы жұмысқа орналастырылады

Әлеуметтік қамтамасыздандыру саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

зейнетақы жүйесінің барлық деңгейлерінде зейнетақының барабар және әлеуметтік әділ деңгейі қамтамасыз етіледі

жинақтаушы зейнетақы жүйесімен жалдамалы қызметкерлерді 100 пайыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды 40 пайыз қамтуға қол жеткізіледі

2015 жылға қарай

базалық зейнетақы төлемінің мөлшері өмір сүру деңгейінің ең төменгі мөлшеріне қарағанда 60% деңгейіне дейін жеткізіледі

мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2010 жылға қарағанда 1,2 есе ұлғаяды

жинақтаушы зейнетақы қорларының оң нақты кірістілігі қамтамасыз етіледі

Әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіру жөніндегі стратегиялық

Мақсаттар

2020 жылға қарай

табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8%-ға дейін төмендейді

әлеуметтік көмек көрсетудің шекті деңгейі өмір сүрудің ең төменгі шамасына қарағанда 100%-ға дейін ұлғаяды

арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттары енгізіледі

2015 жылға қарай

әлеуметтік көмек көрсетудің шекті деңгейі өмір сүрудің ең төменгі шамасына қарағанда 60%-ға дейін ұлғаяды

атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 30%-ға дейін төмендейді

мемлекет кепілдік берген арнайы әлеуметтік қызметтер заңда белгіленген көлемде ұсынылады

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Коммуналдық қызметті сапалы қамтамасыз ету және тұрғын-үй қатынастарын тиімді реттеу тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласында ынталандыратын оңтайлы нарықтық жағдайлар жасау және азаматтардың, тұрғын-үй коммуналдық қызметтерді көрсетушілердің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың құқықтары мен жауапкершілігін айқын бөле отырып тиімді үйлестірілуі мен ынтымақтастығы жолымен қамтамасыз етіледі.

ТКШ инфрақұрылымын жаңғырта пайдалану шығындарын азайту, ресурстар үнемдейтін технологияларды енгізу, табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтен жоғары ысыраптарын жоюға және нормативтік шығындарды қысқартуға мүмкіндік беретін тарифтік реттеудің тиімділігін арттырумен қатар жүреді.

ТКШ саласындағы мемлекеттік инвестициялар экономикалық негіздеу, осы заманғы ресурс үнемдеу технологияларын енгізу, корпоративтік басқару стандарттары және жобаны іске асыру бойынша талаптарды қамтитын инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттен бірлесе қаржыландыру инвестициялық жобаларды іске асырудың міндетті талабы болып табылады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы

стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

тұтынушыға тасымалдау кезінде нормативтік ысырап деңгейі жылу энергиясына — 17%, суға — 15% және электр энергиясына — 12% құрайды

орталықтан сумен жабдықтауға қол жеткізу ауылдық жерлерде ауылдық елді мекендердің жалпы санының 50%-ын, шағын қалаларда — 100%-ын құрайды

елдің әр өңіріндегі тұтынушылардың кемінде 70%-ы коммуналдық қызмет көрсету сапасына қанағаттанады

2015 жылға қарай

тұтынушыға тасымалдау кезінде нормативтік ысырап деңгейі жылу энергиясына — 20%, суға — 19% және электр энергиясына — 15% құрайды

орталықтан сумен жабдықтауға қол жеткізу ауылдық жерлерде ауылдық елді мекендердің жалпы санының 35%-ын, шағын қалаларда — 70%-ын құрайды

елдің әр өңіріндегі тұтынушылардың кемінде 50%-ы коммуналдық қызмет көрсету сапасына қанағаттанады

кондоминиум объектілерін басқару органдары тұрғын үй қорын нормативтік пайдалануды дербес қамтамасыз етеді

2011 жылға қарай

жүргізілген түгендеу негізінде тұрғын үй қоры мен коммуналдық қызмет инфрақұрылымның жай-күйінің жаңартылатын тұрақты деректер базасы жасалады

мемлекет ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі жобаларға нысаналы қарыздар береді

коммуналдық сектор кәсіпорындарында менеджменттің осы заманғы әдістерін енгізуді қамтамасыз етіледі

Түйінді бағыт: ұлттық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық

қатынастардың орнықтылығын қамтамасыз ету

Ішкі саяси орнықтылықты және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретіндегі дамуының аса маңызды шарты болып табылады. 2020 жылға дейінгі кезеңде негізгі күш-жігер мемлекеттің одан әрі нығаюы мен дамуына, ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлер мен қолайсыздықтарды бейтараптандыруға, қолайлы сыртқы ортаны қалыптастыруға шоғырландырылатын болады.

Ішкі саяси салада 2020 жылға дейінгі кезеңде бейбітшілік пен келісімді, Қазақстан қоғамының орнықтылығы мен тұрақтылығын сақтау негізгі мақсаттар болып қала береді. Мемлекеттің сыртқы саясаты әлемдік аренада ұлттық мүддені белсенді ілгерілетуге, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қолдауға және елдің халықаралық беделін нығайтуға бағытталатын болады.

Ішкі тұрақтылықты қолдау

2020 жылға дейін»Қазақстан-2030» Стратегиясының ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның біріктірілуін қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді басымдықтарын іске асыру шеңберінде саяси жүйені одан әрі жаңғырту, этникалық және діни дүрдараздықтың алдын алу, Қазақстанның барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктерге негізделген республика халқының бірлігін нығайту бойынша жүйелі жұмыс жалғасатын болады.

Белгіленген экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерге кол жеткізу Қазақстан қоғамының бірлігі мен топтасуын талап етеді. Қазақстанның ел бірлігі доктринасы Қазақстандық қоғамның ұйымдасу үдерісінің басты құралы болып табылады.

Қоғамның ұйымдасуына, отансүйгіштік сезімнің нығаюына және жалпыұлттық идеялар мен бірыңғай құндылықтар негізінде қазақстандықтардың бірыңғай ерекшелігін қалыптастыруға ықпалын тигізетін теңдестірілген ұлттық саясатты іске асыру бойынша бірегей және тиімділігі жоғары институт ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы одан әрі дамитын болады.

Этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту саласындағы

стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

діни сенім бостандығына құқықтарды одан әрі іске асыру, сондай-ақ Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің еркін дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасалады

тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама табысты іске асырылады

этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен ерте алдын алудың тиімді жүйесі құралады

Саяси жүйені жаңғырту үдерістері жалғасатын болады. 2020 жылға қарай Қазақстанда өкілдік биліктің мәні арта түседі, саяси партиялардың рөлі мен жауапкершілігі артады, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жүйесі тиімді жұмыс істейтін болады. Демократиялық институттар мен азаматтық қоғамның құрылымдары егемен Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесінің үйлесімді бөлшектеріне айналады.

Гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты сапалы қамтамасыз етудің нысандары мен әдістері жетілдіріледі.

Саяси жүйені одан әрі жаңғырту саласындағы

стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

елдің саяси жүйесін жаңғырту аяқталады, оның табысты жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады

таңдаулы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқару және азаматтық қоғамның тиімді институттары құрылады

заманауи, тиімді әрі ашық сайлау және партия жүйелері қалыптастырылады, өкілетті биліктің рөлі күшейеді

мемлекет пен азаматтық қоғамның, билік пен бизнестің, билік пен оппозицияның сындарлы диалогының тетігі жолға қойылады

Қазақстан Республикасы саяси элитасын қалыптастыру мен молықтырудың тиімді жүйесі құрылады, мемлекеттік қызмет өз қатарында Қазақстан халқының таңдаулы өкілдерін шоғырландырады

гендерлік теңдік нығайтылады

Ұлттық қауіпсіздік

Ұлттық қауіпсіздік жүйесі сындарлы және қауіпсіз сыртқы және ішкі ортаны қалыптастыру бойынша белсенді іс-қимылдарға, елдің орнықты дамуы мен Қазақстанның мүдделерін өңірде және әлемде кешенді ілгерілету үшін қолда бар жене әлеуетті мүмкіндіктерді пайдалануға бағдарланатын болады. Ұлттық қауіпсіздік жүйесі туындайтын қауіптер мен проблемаларды алдын ала айқындауды қамтамасыз етуі тиіс.

Халықаралық терроризмге, діни экстремизмге, халықаралық есірткі бизнесіне және заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылатын болады. Орта мерзімге арналған перспективада, есірткі трафигінің алдын алу мен заңсыз көші-қонды қосқанда, Ауғанстанмен байланысты проблемалар кешенін шешу қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды басымдығы болып қала береді.

Жаңа қатерлер мен қолайсыздықтарды уақтылы айқындауға, сондай-ақ ден қоюдың барабар шараларын әзірлеуге мүмкіндік беретін болжамдық-талдау жұмысының тиімділігін арттыру Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі жүйесінің өзгеруінің басты бағыттарының біріне айналады.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы

стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

мемлекеттің әлеуетті қатерлерге барабар қарсы тұруға қабілетті сенімді қорғаныс қабілеті қамтамасыз етіледі

Қазақстан шекарасының бойында сыртқы қатерлер мен тәуекелдер барынша азайтылады, өңірде аумақтық және шаруашылық даулардың негізінде қақтығыстардың туындау себептері жойылады

адам мен қоғамның қауіпсіздігі, азаматтардың конституциялық құқықтарының мүлтіксіз сақталуы қамтамасыз етіледі

әлемдегі сапалық жаңа сауда-қаржылық жағдайларда елдің экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі

Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, бәсекеге қабілетті отандық ақпараттық кеңістік құрылады

экожүйелерді сақтау жене қалпына келтіру, тәуекелдерді азайту және техногендік авариялардан, апаттардан дүлей зілзалалардан болатын зардаптарды барынша азайту бойынша жағдайлар жасалады

ұлттық қауіпсіздіктің демократиялық және ашық доктринасы негізінде халықаралық қауіпсіздік жүйесімен біріктірілген (ұлттық мүддені ескере отырып) ұлттық қауіпсіздіктің тұтас және тиімді жүйесі қалыптастырылады

Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат

2020 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанның сыртқы саяси бағыты Сыртқы саясат тұжырымдамасының қағидатты ережелеріне негізделетін болады. Қазақстан ұлттық мүдделерді, елдің халықаралық беделін арттыруды және ұлттық, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған алдын ала белсенді, кешенді және теңгерімді сыртқы саясатты жүргізуге ниеттеніп отыр.

Қазақстанның ұзақ мерзімді басымдықтары болып табылатындар: елдің дамуы мен оның осы заманғы әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қолайлы сыртқы ортаны қалыптастыру және қолдау; Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау; Қазақстанның шетелдердегі азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, мүдделерін қорғау; Қазақстан Республикасының жағымды бейнесін және әлемде осы заманғы нарықтық экономикасы, орнықты саяси жүйесі, ашық және төзімді қоғамы бар демократиялық құқықтық мемлекет ретінде қабылдауын қалыптастыру; халықаралық аренада елдің экономикалық мүддесін қорғау; бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдар мен форумдарға белсенді қатысу.

Халықаралық қатынастардың жаңа сәулетін және әлемдік сауда-қаржы жүйесінің негіздерін қалыптастыру кезінде Қазақстанның жаһандық шешімдерді қабылдау үдерістеріне қатысу үшін жағдайлар жасаудың ерекше мәні бар. Қазақстан Республикасы ұлттық резервтік валютаны қалыптастыру туралы мәселеде өз мүддесін тиянақты ілгерілететін және белсенді қорғайтын болады. Осы күш-жігердің нәтижелілігі көп жағдайларда Қазақстанның дағдарысқа қарсы шараларды табысты іске асыруына, ел экономикасының дағдарыстан кейінгі және орнықты даму бағытына шығу қарқынына, инновациялық және әртараптандырылған экономиканы құру саласындағы нақты жетістіктерге байланысты болады.

Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының және Шанхай ынтымақтастық ұйымының ықпалды мүшесі және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бастамашысы Қазақстан ұжымдық қауіпсіздіктің қазіргі жүйелері арасында стратегиялық диалогты құруға белсенді қатысатын болады. Қазақстан жанталаса қарулануды болдырмау, халықаралық қауымдастықтың ядролық қарусыздану және Ядролық қарудан азат аймақ туралы шарт режимін нығайту саласындағы күш-жігерін қолдауға арналған өзін ақтаған бағытты жалғастырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының беделді халықаралық ұйымдардағы (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ислам Конференциясы Ұйымы және басқалары) төрағалығы шеңберіндегі мүмкіндіктері барынша іске қосылатын болады.

Қазақстанның саясаты Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің, ислам және христиан әлемдерімен көпір ретіндегі өз рөлін нығайтуға бағытталған өркениетаралық және конфессияаралық диалогты нығайту бойынша күш-жігерін жалғастыратын болады. Төзімділіктің қазақстандық үлгісі халықаралық аренада кеңінен танылатын болады және басқа да елдердің практикасында қолданылатын болады.

Қазақстан өзінің бірегей географиялық орналасуын және әлемдік және өңіраралық көлік коммуникациясы жүйесіндегі қайталанбайтын рөлін барынша тиімді пайдаланатын болады. Қазақстанның әлемдік энергетикалық, экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі елеулі арта түседі. Қазақстан халықаралық еңбек бөлінісінде лайықты орнын алады және Бүкіләлемдік сауда ұйымының қатысушысы болады.

Қазақстан Орталық Азияда, Еуразия кеңістігінде әр жылдамдықтағы және көпдеңгейлі интеграциялауды күшейтуге арналған бағытын жалғастырады. Қазақстан Ресеймен қатар, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық және Кеден одағының орнықты өзегін құрайтын болады.

Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат саласындағы

стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

қолайлы халықаралық орта қалыптастырылады, барлық мемлекеттермен тең құқықты достық қатынастарға қолдау көрсетіледі

ұлттық экономиканы әртараптандыру негізінде Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа және әлемдік шаруашылық байланыстарға интеграциялануының жоғары деңгейіне қол жеткізіледі

өңір мемлекеттерінің саяси және экономикалық интеграциясы үшін жағдайлар мен алғышарттар қамтамасыз етіледі

Қазақстан өңірлік қауіпсіздіктің және саяси-экономикалық ынтымақтастықтың тиімді жүйесінің шешуші қатысушысы болып табылады

Қазақстан жетекші халықаралық әене өңірлік қаржылық және саяси құрылымдардың басшы органдарында өкілдік етеді

Қазақстан халықаралық қатынастардың белсенді қатысушысы болып табылады және әлемдік саясат үшін маңызды мәні бар шешімдерді қабылдауға қатысады

IV. Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асыру негізі:

нәтижелі мемлекеттік сектор

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының бес шешуші бағытын іске асыру үшін тиімділігі жоғары мемлекеттік аппарат негіз болып табылады.

Стратегиялық жоспар-2010-ды іске асыру кезеңінде басталған мемлекеттік сектор реформаларына негізделе отырып мемлекет корпоративтік басқару, нәтижелілік, ашықтық пен қоғам алдындағы есептілік қағидаттары бойынша мемлекеттік басқарудың сапалы да жаңа үлгісін құрады. Аталған үлгі 2015 жылға қарай толыққанды іске асырылатын болады, ал оның негізгі элементтері Стратегиялық жоспар-2010-ды іске асырудың алғашқы жылдарында енгізілетін болады.

Мемлекеттік секторды реформалау негізі бес бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) мемлекеттік органдардың, оның ішінде мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейлерінде, өкілеттік пен жауапкершіліктің нақты шеңберін айқындау;

2) мемлекеттік қызметті тиімді көрсетуге жәрдемдесетін стандарттарды әзірлеу жене үдерістерді жетілдіру арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту;

3) мемлекеттік қызмет реформасын жеделдету, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді оқытуды жетілдіру;

4) нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті элементтерді енгізу;

5) әкімшілік реформаларды басқаруды жақсарту және мемлекеттік секторды реформалау үдерісі үшін жауапкершілікті күшейту.

Нақты өкілеттіктер мен жауапкершілікті айқындау

Мемлекеттік сектордың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін есептілік пен ынталандыруды белгілеу мақсатында мемлекеттік басқару органдарының өкілеттіктері (рөлдері) мен жауапкершілігі нақты айқындалады.

2011 жылдан бастап жүйелі негізде мемлекеттік органдар қызметінің функционалдық шолулары жүргізіледі, оның мақсаты — мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (аясында) саясаттың тиімділігіне бағалау жүргізу болып табылады. Әрбір нақты мемлекеттік органда өкілеттіктердің оңтайлы көлемін айқындау тұтастай алғанда мемлекеттің жеке секторларда да, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың әртүрлі деңгейлерінде де артық функцияларды жою, қайталайтын өкілеттіктерді алып тастау, жеткіліксіз функцияларды бекіту және нарықтық тетіктерді пайдалануды кеңейту арқылы тұтастай мемлекеттің баламалы рөлін белгілеуге мүмкіндік береді.

Осындай шолулар мемлекеттік аппараттың тұтастығын және іске асырылып жатқан саясаттың дәйектілігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

Мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жолымен арттырылатын болады.

2011 жылға қарай:

«бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының желісі дамытылатын болады. Осы орталықтардың жұмысы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау мақсатыңда халықпен кері байланыс тетігін көздейтін болады;

мемлекеттік қызметтердің тізілімі кеңейтіледі және тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтердің әрбір түрі бойынша стандарттар әзірленетін болады;

мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау (бекітілген стандарттарды сақтау) тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті кәсібилендіру

Мемлекеттік қызметті реформалау мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және мемлекеттік қызметте адам ресурстарын басқаруды жетілдіру арқылы мемлекеттік қызметті кәсібилендіруге шоғырландырылатын болады.

Мемлекеттік қызметкерлер лауазымдарының жаңа жүйесі, мемлекеттік қызметке алудың тиімді рәсімдері және мемлекеттік басқарудың халықаралық іс-тәжірибесіне негізделген мемлекеттік қызметшілерді оқытудың сапалы бағдарламасы кәсіби мемлекеттік қызметті қалыптастыру үшін негіз болады.

2012 жылға қарай:

үш корпусқа: саяси мемлекеттік қызметшілер корпусы, әкімшілік мемлекеттік қызметтің А (басқару) және Б (атқарушы) корпустарына негізделген мемлекеттік қызмет лауазымдарының тізілімі енгізіледі;

мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдері және мемлекеттік қызметтің кадрлар резервін қалыптастыру жақсарады;

нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесінің қағидаттары мен құндылықтарына негізделген мемлекеттік қызметшілерді оқытудың жаңартылған бағдарламасы енгізіледі;

нәтижелерге бағдарланған біліктілігі жоғары мемлекеттік қызметшілерді дайындау бойынша базалық оқыту орталығы қалыптастырылады;

жауапты хатшы лауазымына тағайындалған жауапты адамның рөлі мен дәрежесі нақты айқындалды, оны тағайындаудың ашық, айқын, оның сіңірген еңбегіне негізделген тағайындау тетіктері әзірленді.

Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асыру мемлекеттік қызметшілерді сапалы дайындауды ғана емес, кәсіби даярлығы бар мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік секторда ұстап қалуға ықпалын тигізетін, сондай-ақ Қазақстанның прогрессивті жастарын мемлекеттік қызметке тартатын ортаны қалыптастыруды да талап етеді. 2012 жылға қарай мемлекеттік аппараттың сапасын арттыру үшін мынаны қамтамасыз ету қажет:

адами ресурстарды басқарудың таңдаулы қағидаттары мен әдістерінің негізінде мемлекеттік органдардың кадрлар қызметінің тиімді жұмысын;

жауапкершілік, нәтижелілік және біліктілік қағидаттарына негізделген өнімі (өнімділігі) жоғары ықшам және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға жәрдемдесетін жеке сектордағы төлем деңгейімен бәсекеге қабілетті мемлекеттік секторда еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.

2012 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің жаңа еңбекақы жүйесін енгізуді қолдау үшін мемлекеттік қызметшілердің жұмысының көлемі мен сапасын, жауапкершілік деңгейін, кәсібилігін арттыруды, Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтауды есепке алатын мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау жүйесі енгізілетін болады.

Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару

Мемлекеттік жоспарлауды сапалы өзгерту, мемлекеттік басқарудың нәтижелілігі мен есептілігін қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылға қарай:

барлық мемлекеттік органдар мемлекеттік саясатты әзірлеуге кешенді стратегиялық тәсілді қамтамасыз ету үшін Стратегиялық жоспар-2020 негізделген бес жылдық стратегиялық жоспарларды қабылдайды;

барлық мемлекеттік органдар әзірленген бес жылдық стратегиялық жоспарларға негізделген жыл сайынғы операциялық жоспарлар дайындайтын болады;

барлық мемлекеттік органдарда белгіленген стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторларға бейілділігін сақтай отырып операциялық жоспарларды іске асыруда белгілі бір дербестік болады;

барлық мемлекеттік органдарда ішкі мониторинг, бақылау және бағалау жүйесін кезең-кезеңмен енгізу басталатын болады.

2012 жылға қарай тиімділік және нәтижелілік (нәтижеге бағдарланған бюджеттеу) индикаторларына негізделген бюджетті қалыптастыру және атқару жүйесі енгізілетін болады. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың мониторингі мен олардың қызметін бағалайтын кешенді жүйе енгізілетін болады, ол стратегиялық мақсатқа қол жеткізу деңгейін, бизнес пен халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін талдауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сектор реформаларын басқару

2011 жылға қарай әкімшілік реформалар жүйесі мемлекеттік секторда жүргізілетін реформалардың іске асырылуына, мониторингі мен бағалауға жауапты жеке уәкілетті орган құру мүмкіндігі қаралатын болады. Осындай өкілеттіктер жұмыс істеп тұрған мемлекеттік органдардың біріне нақты бекітілуі де мүмкін.

2012 жылға қарай мемлекеттік басқару саласында реформаларды іске асыру мониторингінің тиімді жүйесі жұмыс істейтін болады, оның шеңберінде тоқсан сайынғы негізде мемлекеттік секторды реформалаудың ағымдағы жағдайы және нәтижелері туралы есептер ел басшылығына ұсынылып отырады.

V. Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асыру мониторингі және

бағалау

Стратегиялық жоспар-2020-ның стратегиялық мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізудің мониторингі мен бағалау оның табысты іске асырылуының қажетті шарттары болып табылады.

Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асыру жалпы ұлттық стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын үйлестіруді, сондай-ақ аралық нысаналы индикаторлардың орындалуын талдау шеңберінде стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудің тетіктері мен құралдарын түзетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асыру мониторингі шеңберінде елдің азаматтарын оның нәтижелеріне қол жеткізу үдерісіне тартуды қамтамасыз ету қажет. Бұл үшін ел азаматтарына мемлекет өзіне қандай міндеттемелер алатынын, олардың бюджеттік құны қандай екенін, қашан және қалайша олар іске асырылатынын, оларды іске асыруға жауапты кім болып табылатыны туралы ақпарат берілетін болады. Осылайша, ел азаматтары мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылуын бағалау үшін негізге ие болады.

Статистикалық деректердің сенімді базасына негізделген мониторинг және бағалау нәтижелері Стратегиялық жоспар-2020 іске асырылуының барысы мен нәтижелері туралы толық көріністі мемлекетке және азаматтарға ұсынады.

Мониторинг және бағалау жүйесі

Стратегиялық жоспар-2020 төменгі деңгейдегі бағдарламалық құжаттар арқылы жалпы ұлттық стратегиялық басымдықтардың егжей-тегжейлі іске асырылуын көздейді. Стратегиялық жоспар-2020-ның стратегиялық мақсаттары мен нысаналы индикаторлары мемлекеттік органдардың бес жылдық стратегиялық жоспарларын қалыптастыру үшін негіз болады, онда жалпы ұлттық стратегиялық басымдықтарды іске асыру тетіктері мен құралдары айқындалатын болады. Бұл ретте мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында олардың қызметінің тікелей және өлшенетін нәтижелері де айқындалатын болады.

Елдің даму мақсаттарының осындай декомпозициясы мемлекеттік жоспарлаудың нақты сызбасын, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың нәтижелілігінің мониторингі мен бағалаудың бірыңғай жүйесін түзуге мүмкіндік береді.

Төменгі деңгейдегі мақсатқа қол жеткізудің тұрақты мониторингі жалпы ұлттық деңгейдегі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу деңгейін талдауға мүмкіндік беретінін ескере отырып, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, оның ішінде 2020-стратегиялық жоспарды іске асырудың мониторингі мен бағалаудың бірыңғай кешенді жүйесін түзу қажет. Бұл үшін мемлекеттік жоспарлау жүйесін құратын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, іске асыру, оларға мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау тәртібі айқындалады.

Белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тұрақты негізде және төменгі деңгейдегі бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын бағалауды ескере отырып, 2020-стратегиялық жоспардың іске асырылуына кешенді мониторинг және бағалау жүргізетін болады.

Азаматтарды тарту

Стратегиялық жоспар-2020-ның мониторингі мен бағалау үдерісінің маңызды құраушысы азаматтардың қатысуы болып табылады.

Мемлекеттік сектор қандай функция атқаратыны туралы қоғамның ақпараттануы азаматтар мен мемлекеттің сындарлы қатынастары үшін шешуші негіз болып табылады.

Стратегиялық жоспар-2020-ның орындалу мониторингі мен бағалау жүргізу шеңберінде азаматтарға Стратегиялық жоспар-2020-ның іске асырылу барысы және көрсеткіштерге қол жеткізу нәтижелері туралы жыл сайын есептер берілетін болады. Бұл азаматтардың мемлекеттік сектордың жұмыс нәтижелілігіне қатысты пайымдауын бағалауға мүмкіндік береді.

Азаматтарды тұтастай алғанда мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік органдардың қызметін бағалау үдерісіне тарту мақсатында азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында кері байланыс тетігі енгізілетін болады.

Мониторинг үшін статистикалық деректер базасын құру

Стратегиялық жоспар-2020-ның іске асырылуының кешенді мониторингі мен бағалау шеңберінде Стратегиялық жоспар-2020-да көзделген стратегиялық мақсаттар мен мақсатты индикаторларға қол жеткізудің деңгейін тікелей көрсететін статистикалық деректерді тұрақты түрде жинау жүйесі құрылатын болады.

Стратегиялық жоспар-2020-ның мониторингін жүргізу және көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау үшін статистикалық деректер қорын қалыптастыру жөніндегі жұмыс кезең-кезеңмен жүргізілетін болады:

2011 жылға қарай — статистикалық мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізуді бағалауға қажетті статистикалық деректердің тізбесін анықтау;

2012 жылға қарай — Стратегиялық жоспар-2020-ның статистикалық мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу мониторингі үшін бірінші жыл сайынғы деректерді жинау;

2015 жылы — Стратегиялық жоспар-2020-ның бес жылдық іске асыру қорытындылары бойынша бағалау жүргізу;

2020 жылы — Стратегиялық жоспар-2020-ның толық іске асыру қорытындылары бойынша бағалау жүргізу.

Қорытынды

XXI ғасырдың екінші онжылдығының басы күрделі болады. Қазақстан әртүрлі үлгілерге дайын болуға тиіс.

Ағымдағы жаһандық дағдарысты еңсеру барысында ауқымды өзгерістер орын алады, жаңа әлемдік тәртіпті құру басталады. Осындай жағдайларда қажетті әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру үшін дағдарыс берген мүмкіндіктерді пайдалана білген елдер барынша табысты болады.

Стратегиялық жоспар-2020 уақыттың сын-тегеуіріндеріне Қазақстанның жауабы болып табылады. Оны іске асыру қорытындылары бойынша Қазақстан дамушы нарықтық экономикасы бар елдердің бірінші қатарында болып қалады.

Стратегиялық жоспар-2020 мемлекеттің жарқын болашаққа қол жеткізу жөніндегі Қазақстан азаматтарының алдындағы міндеттемесі болып табылады. Оны орындау үшін мемлекеттің барлық деңгейлері мен құрылымдарының белсенді қатысуы, сондай-ақ азаматтардың қолдауы талап етіледі.

Стратегиялық жоспар-2020-ның табысты іске асырылуы Қазақстанды»Қазақстан-2030» стратегиясында айқындалған елдің жарқын болашағына қол жеткізудің жолын бекем қамтамасыз етеді.