ҚАЗАҚСТАНДА 11 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДАР АПВ-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАНАДЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес «Онкологиялық аурулармен күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» шеңберінде адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялауды енгізу көзделген.

Біздің елімізде АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізу 2024 жылдың 3 тоқсанында жоспарлануда.

ДДҰ ұсынымына сәйкес АПВ- ға қарсы вакцинациялау үшін қажетті топ 9-14 жас аралығындағы қыздар болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинациялау күнтізбесіне сәйкес ДДҰ ұстанымын және Қазақстан Республикасында халықты иммундау жөніндегі сарапшылардың ұлттық техникалық консультациялық тобының ұсынымдарын ескере отырып, 11 жастағы қыздарға вакцинациялау жүргізу жоспарлануда.

 

14 жасқа дейінгі қыздардың басқа жас топтарын вакцинациялау республикада вакцина көлемінің қолжетімділігін ескере отырып қаралатын болады.

Әлемдік практикаға сәйкес қыздардың басқа жас топтарын вакцинациялау жеке ел үшін мүмкін және экономикалық тұрғыдан қолжетімді болған жағдайларда жүргізіледі.