Қазақстанда Zoomlion тракторларын шығару қолға алынды
Елімізде жақын арада Zoomlion брендімен тракторлар шығарыла бастайды. Бұл туралы ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Индустрия және құрылыс министрлігі өкілдерінің қытайлық Zoomlion Agricultural Machinery Co., Ltd компаниясының делегациясымен болған кездесуде Қазақстанда трактор шығаруды ұйымдастыру жоспары талқыланды.
Бұл жоба қазақстандық QazTehna кәсіпорнымен ынтымақтастықтың бір бөлігі болмақ. Осылайша,Саран қаласындағы зауыт жылына 700-ге дейін трактор шығарады деп жоспарланып отыр.Еліміздің Индустрия министрлігі бұл серіктестіктен үлкен перспективасын байқап отыр және бүл жобаның жүзеге асырылуына қолдау көрсетуге дайын.
Zoomlion – құрылыс, ауыл шаруашылығы, тиеу, санитарлық және өртке қарсы жабдықтарды, сондай-ақ ауыр жүк техникаларын шығаратын ең ірі қытайлық көлік өндіретін компания. 1992 жылы Хунань провинциясының Чанша қаласында құрылған. Zoomlion әлемдегі ең ірі бес құрылыс техникасының өндірушілерінің, сонымен қатар Forbes Global 2000 рейтингінде әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі.
2020 жылғы жағдай бойынша сатылымның 53,9%-ы жүк көтергіштерге, 29,3%-ы бетон жабдықтарына, 4,1%-ы жер қазатын жабдықтарға, 4,1%-ы ауылшаруашылық жабдықтарына, 1,7%-ы құрал-жабдықтардың лизингіне және басқа да қаржылық қызметтерге, 7,5%-ы басқа өнімдерге тиесілі. Қытай нарығы барлық сатылымның 94,7%-ын құрады (2019 жылы – 92,5%).
Zoomlion компаниясының сату және қызмет көрсету желісі 100-ге жуық елді қамтиды, компанияның дайын өнім мен қосалқы бөлшектердің ең ірі нарықтары Индонезия, Малайзия, Таиланд, Сингапур, Филиппин, Вьетнам, Лаос, Камбоджа, Мьянма; Оңтүстік Корея, Тайвань, Моңғолия; БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Оман, Израиль, Түркия, Иран, Қазақстан, Өзбекстан; Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Непал; Ресей, Беларусь, Украина, Грузия; Алжир, Оңтүстік Африка, Кения, Танзания; Бразилия, Аргентина, Мексика; АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия, Италия, Германия, Франция.
Айта кетерлігі, компаниялар арасындағы ынтымақтастық өткен жазда лицензиялық келісімге қол қоюдан басталған. Қазір өндіріс тәжірибеліккезеңге көшті.
Жасұлан Бақытбек