Қазақстандағы ең бірінші ШЕТЕЛДІК басылымды білесіздер ме?
Тәуелсіздіктен кейін тура 1 ай, 1 күннен кейін екі елдің президенттері Н.Назарбаев пен Т.Өзалдың өзара келісімімен 17 қаңтарда «Тәуелсіздік қарлығашы» атанған «Қазақстан Zaman» газеті шыға бастады. Газеттің ашылуына сол кездегі еліміздің премъер-министрі Сергей Терещенко, Мырзатай Жолдасбеков, Қалтай Мұхамеджанов, Ислам Жеменей ағаларымыз мұрындық болып, көп еңбек сіңірді. Ең алғашқы еларалық еркін газет болды. Газет еліміздің аса қиын кезеңінде дүниеге келіп, қоғамның жүрек дүрсілін, демі мен алғашқы қадамдарын дөп басып көрсетуде ерекше қызмет атқарды. Ширек ғасыр дейміз ғой, биыл газетке 25 толды. 25 жылдың ішінде газеттің редакторы болып Қалтай Мұхамеджанов, Болат Бодаубайұлы, Жұмабай Шаштайұлы, Марат Тоқашбаев, қазір Ертай Айғалиұлы ағаларымыз қызмет етуде. Бұл газетте істемеген журналист жоқ жалпы, біраз ТВ, газет журналистерін білем. Жазушы Дидар Амантай ағамыз да осы газетте жұмыс істеген екен. 2012 жылы осы газетке сайт редакторы, журналист болып келгенде, газет директоры Ахмет Аляз
ағамыз болатын, одан кейін Хастурк Серкан директор болды. Қазіргі уақытта білесіздер, жер-жерде түрік журналистерді қойып, қарапайым түрік мұғалімдеріне саясаттың салқыны тиіп жатқаны жасырын емес Ұжымымызда көптен бері бас директордың орны бос тұрғанын көзі қарақты оқырманымыз байқаған болар. Осы аптада бұл басшы орынға ұжымымызда он шақты жылдан бері Бас директордың бірінші орынбасары қызметін атқарып келген белгілі журналист, Журналистер одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сауле Мешитбаева
Мешітбайқызы апайымыз келді. Сәуле апамыз 1969 жылдан отыз жылдан аса уақыт ұстаздық еткен. Алдымен Жамбыл облысында, содан соң Алматы қаласындағы А. Жұбанов атындағы саз мектебінде ұстаздан басшы қызметтер де атқарған. Сәуле Мешітбайқызы 2000-2009 жылдары «Қазақтелеком» АҚ компаниясында ісқағаздарына мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі жетекші маманнан бас менеджер қызметіне дейін жұмыс істеді.
1988 жылы Қаз КСР оқу ісінің үздігі, 2013 жылы «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған журналистердің «Нұрсұңқар» байқауында номинант болса, «Ақ жол» партиясының ұйымдастырған байқауында «Ең үздік журналист» атағын жеңіп алған болатын. Ал 2012 ж. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен», 2015 ж. «Ауылшаруашылық саласының үздігі» медалімен марапатталған.Биыл ғана Білім саласының ардагері медалмен Сәуле апайымызды жаңа қызметімен ұжым болып шын жүректен құттықтаймыз! Біздің газеттің ерекшілігі халық пен тығыз араласуында басшы мен қосшыдан бастап əр жылда əртүрлі елбасының саясатын қолдап экспедиция ұйымдастырып, еліміздің жетістігін насихаттап, кемшін тұстарын қоғамнан жасырмай, ашық жазатын бірден-бір басылым. Осындай экспедицияның басында Сәуле Мешітбайқызы апайымыздың өзі жүрді. Сенесіз бе? «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында біз бармаған облыс қалмапты. Сәуле апай бүгін қандай қызметке келсе, адал еңбек, маңдай терімен жетті.
Біз секілді жастарға үлгі, мотивация! Саясаткер Дос Көшім ағамыз: «Мойындауымыз керек, газеттердің өтініштері бойынша мақала жазып, сараптама жасағанда, біздің басымыздың бір қуысында «мына ойымды баспауы мүмкін» не «мына мәселенің тігісін жатқызып айтайын» деген бір «редактордың» тұратыны анық. Өз басым, сіздердің гаеттеріңізге мақалалар жазғанда ондай аурудан арылып кетемін. Осы жолдарыңыздан ешқашан танбай, шындықты ашып айтатын, мәдениетті де, қызықты басылым болуларыңызды тілеймін!» деген екен. Газетіміз халық арасындағы танымалдығын, беделін сақтап қалатынына, ел газетіне айналатынына сеніміміз мол! «ҚазақстанZaman» газеті тұғырында!