«Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғырту – жастар көзімен»
Атырау мұнай және газ университетінің мәжіліс залында «Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғырту – жастар көзімен» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Жиынға Атырау облысының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері, Атырау облысы ҚХА жанындағы «Жастар қанаты», Атырау мұнай және газ университетінің, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ҚХА кафедралары, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында жастардың рухани жаңғыру бағдарламасына көзқарасы тақырыбының мазмұнын ашу мақсатында жастар арасында болашақ ұрпақ өміріне қандай жаңартулар енгізу керек? «Рухани жаңғыру» қоғамдық сана процесі неден бастау алу керек? — деген сынды сауалдар қойылып, қатысушы жастардың өзіндік пікірлері тыңдалды.
Сондай –ақ бұл іс-шарада Атырау мұнай және газ университетінің Қытай халық республикасының қазақ студенттері «Қазақстан Тәуелсіздігінің жаңару үрдістері» жайында қысқаша баяндама жасады.
Дөңгелек үстел соңында Атырау облысы ҚХА жанындағы «Жастар қанатының» көшбасшысы А.Ишин қорытынды сөз сөйледі.
— Жастар арасындағы елге деген, жерге деген патриоттық сезімді ояту, бірауыздылық болу және Қазақстанның белсенді де еңселі азаматы болу біздің қолымызда, — деді ол.
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі