Қазақстандық жасөспірім теннисшілер алғаш рет Азия чемпионы атанды
Елордада 12 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия командалық біріншілігі мәресіне жетті деп хабарлады turkystan.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Қазақстандық ұлдар (капитаны Сергей Квак) финалда Таиланд құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Чемпиондық мәселе соңғы, жұптық бәсекеде шешілді. Роберт Каминский мен Гиорги Брегвадзе Дарма Антаратон мен Три Срисеннен басым түсті. Есеп – 7:5, 6:3.
Осылайша, қазақстандық ұлдар өз тарихында алғаш рет чемпиондық тұғырға көтерілді. Қыздар құрамасы финалда Таиланд құрамасына жол берді – 0:3.
Осыған дейін қазақстандық қыздар 2019 және 2021 жылдары чемпион атанса, ұлдар 2019 жылы қола, өткен жылы күміс жүлдеге ие болған еді.
turkystan.kz