Қазақстандықтар сайлауда цифрлық құжатпен дауыс бере алады.

Қазақстандықтар 19 наурыз күні сайлау учаскелерінде цифрлық құжатты қолдана алады.
Цифрлық құжаттар түпнұсқа құжаттың аналогы болып табылады. Азаматтар еGov Mobile қосымшасы арқылы сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық нұсқасын қолдана алады.
Сондай-ақ, цифрлық құжат Kaspi.kz] және Halyk Bank] банктерінің қосымшаларында қолжетімді.