Қазақстанға ағылып жатырған қытайлықтарың көздеген астарлы мақсаты неде?

Қытайлықтардың өктемдігі соңғы жылдары тым шектен шығып барады. Шындықты көтерген жұмысшылардың белсенділерін, олардың құқықтарын қолдаушы кәсіподақ өкілдерін қуғындаумен айналыcады. Біз қанша жерден демократиялық қоғам құрып жатырмыз десек те, қытайлықтардың«әшекейінің» ту сыртынан аумақтағы қоғамдық, саяси ахуалды ушықтырушы «таптық үстемдігінің» төніп келе жатырғанын көре білуіміз керек. Қытайлықтардың қазақ халқының табиғатымен ешбір сиыспайтын қылықтары: менменшіл өркөкіректігі, қазақ жұмысшыларына екінші сортты қаралар ретінде қарауы, осының барлығы аймақта гегомондыққа ұмтылған ұлы державалық авантюризм саясатынан туындап жатырған жайлар.

Шынайы ынтымақтастық өз жауапкершілігін мойындай жүріп, адам құқықтары мен мүддесіне достық ниетпен қарап, кепілдік берген жағдайда ғана қамтамасыз етілетінін ескерсек, өкінішке қарай қытайлықтардың басқарудың неғұрлым дөрекі әдістеріне көшуі, жұмыста бүтін халықтың ұлттық мүдделерін елемеуі, жалақыларын өсірмей езе қанауы халықтың екінші бөлігін ашындыруда. Жалған дипломмен келіп, жергілікті жұмысшы-мамандардан бірнеше есе артық жалақы алатын қытайлықтардың қолдан жасаған мамандары көбейді. Мұндайлар мемлекеттік қазынаны ғана емес, жеке бастарының байлығын да арттыруға жұмыстануда. Мұны Ақтөбе облысының прокурорлық тексерулерінің нәтижесінде ашылған заң бұзушылықтар дәлелдеген құжаттарға зер салсаң байқайсың.

Соңғы кездегі езілген халықтың бірі ретінде қазақ халқының, оның жұмысшыларының қытайлықтарға қарсы жиілеген наразылығы — әлеуметтік қанаудан, өздерінің экономикалық, саяси тәуелсіздігін қорғаудан, қытайдың ұлыдержавалық үстемдік саясатын әшкерелеуден туындап жатырған табиғи жауап әрекеті. Жасыратыны жоқ 2011 жылы 17 қыркүйекте «Северная труба» кенішінде «Ориол-құрылыс», М-техсервис» ЖШС-іне қарайтын қазақстандықтар мен қытайлықтар арасында жанжал туып, соңы атысқа ұласқан қанды сойқан орын алды. Нәтижесінде бір қытайлық өліп, бірнешеуі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Бұл 200 қытайлықтың заңсыз келіп еңбек еткені аз болғандай, жергілікті жұмысшылардан «бірнеше есе артық жалақы» алуынан ушықты. Шетелдіктер жергілікті жұмысшыларды әкімшілік шаралар, қолдан жасалған пәрмендер күшімен құқықсыз, қауқарсыз тобырған айналдырған.

Халықтар арасында ұлтшылдық сезімдерді, өзара сенімсіздік пен араздықты қоздыру қытайдың бұрыннан бар саясаты. Бір нәрсе айқын – еліміздің қай түпкірінде болмасын қытай бүгінде Қазақстанның ішкі әлеуметтік, экономикалық, саяси, ұлтаралық қарым қатынасын ушықтырушы басты факторға айналды. Қаналушы тап, қазақстандық жұмысшылар идеялық жағынан да, құқықтық теңдік жағынан да өздерін әлі күнге дейін біртұтас сезіне алмай келеді. Олар жергілікті құзырлы органдар тарапынан да қолдау көрмей, өзін-өзі билеу және қорғану құқынан айырылған. Тыңдар құлақ болса бұл туралы еліміздің мерзімді басылымдары жазып-ақ жатыр.  Ақпарат көзінде жарияланғандай шын мәнінде  қазіргі кезде 1% ҚЫТАЙ ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫҢ 60% ӨЗ УЫСЫНДА ҰСТАП ОТЫР.

7a140bd615a3259c573b042b32018b9b_crop_l_6_t_57_w_1861_h_1047

Бұл теңсіздің тыйылар емес, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Сабақ алар қытайлықтар болмай тұр. Кеше ғана Ақтөбенің жергілікті мұнайшылары өз наразылықтарын жеткізді. «Ақтөбемұнайгаз – СНПС»  жұмысшылары компанияның әділетсіздігіне қандары қарайған. Ақтөбеліктер, фирма басшылығы оларды негізсіз демалысқа жібергенін, ал кен орындарында қытайлықтар жұмыс істеп жатқанын айтты. «Елімізде мыңдаған жұмысшылар ақысыз демалысқа жіберіліп, дағдарыс қысып жатса, қытай басшылығы қытайлар санын тіпті де қысқартқан жоқ», – деп шағымданды қазақстандықтар. Ашуға булыққан мұнайшылар тіпті кәсіпорында еңбек етіп жатқан қытайлықтардың толық тізімін де түзіп алған. Онда көрші мемлекеттің 113 қызметкері жазылған. «Қытай азаматтары компанияның басшылығында мықты орындарды иемденген. Барлық шешімді қытай жетекшілері қабылдайды. Басқарма аппаратында да солар. Шетелдік мамандар мен қазақстандық мамандардың алатын жалақысының да айырмашылығы жер мен көктей. Қытай басшылары өздерінің жұмысшыларына жақсы қаражат төлеп, дұрыс өмір сүруіне де керемет мүмкіндіктер жасап беріп отыр. Ұшып барып-келуі, тамақтану, көңіл көтеру, өмір сүруінің барлығы компания есебінен қарастырылған. Оларға қазақстандықтар секілді мерекелерде демалып, аптасына 40 сағат істесе де 3 ай еңбек режимі 1 айлық еңбек демалысымен бірге қарастырылған”, – дейді мұнайшылар. Олар Кеңқияқ, Саркөл, Жаңажол, Қандыағаштағы мұнайшылардың отбасы алған жалақыларымен әрең күн көріп отырғанын айтты. «Егер отандық қызметкерлердің қатарын қысқартса, онда тепе-тең қылып қытайларды да қысқарту керек. Бір қытайлыққа сұмдық айлық төлеп Қазақстанда ұстағанша, 3-4 қазаққа жұмыс беруі керек ғой», – дейді шағымданған мұнайшылар. Бұл туралы кеше ғана БАҚ беттерінде timeskz.kz  хабарлады.

Қытай бүгінде батыс өлкесінде қазақ экономикасын ұзағынан тізгіндеп ұстау үшін Ақтөбеден «өзбанктерін ашып, қытай диаспорасын көбейту» (қытайландыру) мақсатында мұнайдан тыс басқа да бизнес түрлерін кеңейтіп, қала айналасынан жер телімдерін сатып алып, тұрғын — жай құрылыстарын жүргізіп, еңселі әкімшілік орталықтарын тұрғызуға кірісті. Қазақ жеріне терең бойлап енуіне тірек болатын қытайлардың әкімшілік кешендері құрылысы еліміздің өзге өңірлерінде де Алматы, Қызылорда, Атырау мен Маңғыстау облыстарында жылдам қарқынмен жүріп жатыр. Қазақстандағы қытайлық мұнай компаниялары мен басқа да бизнес құрылымдарына тек қана қытай азаматтары жұмысқа алынбақшы. «Адами экспансия» дегеніміз осы. Шетелдік азаматтардың Қазақстан азаматтарымен некеге тұруы да белгілі дәрежеде қосымша мәселелер туындатады. ҚР «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» заңының 14-бабы бойынша Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен және басқа адамдармен некеге тұрып және оны бұза алады.

b n

Кейбір бейресми деректер бойынша 4500-5000 мыңдай қытай еліміздің азаматтығын алса, 500 мыңдай қытайлықтар қазақ жеріне кіріп үлгерген. Салыстырып көрейік. 74 жылдық тархы бар кеңес заманында да қазақтың жеріндегі өзбек те, ұйғыр да мұндай санға өскен емес. Соңғы 10 жылда өзіміз шақырып жинаған оралман қазағымыздың Қазақстанға келгені 800 мыңнан сәл асады. Қазақстанда бұған дейін достығы мен ынтымағы жарасқан 130 ұлт пен ұлыстың өкілі тұрып жатыр дейтін болсақ, таяу болашақта 131 – ші ұлт өкілі қытай диаспорасының тіркелуіне алғы шарт қаланды деген сөз. Ендеше соңғы кезде халықты алаңдатып отырған мәселенің бірі — ауылшаруашылығы жерлерін жалға алушы қытайлықтардың ертең басқа бизнес көздерін ашып, қазақстанның әр түпкіріне шашылып кетпесіне ешкім кепілдік бере алмайды.

«Екі ел арасындағы өзара экономикалық ықпалдастық» деп басталған қарым-қатынас тереңдей келе қазақтың байлығы ғана емес, жерін алу мақсатына ұласып, Қазақстанның ішкі тұрақтылығы мен экономикалық қауіпсіздігіне әсері байқала бастады. Ресейдің белгілі академигі Аганбегян: «Қарыз берушілер қазақтың байлығын сыпырып тасып жатыр. Қазақтар қарыздың кепілі ретінде – қазба байлықтарын қойып отыр» — деп дәл айтты. Ол бекер сөйлемейтін, әлем ғалымдары санасатын экономист. Бұған мына деректі келтірсек те болады. Қазіргі кезде бізде жерден бөлек, жер қойнауындағы стратегиялық қазыналарымыз да аукцион арқылы сатыла бастады. Еліміздегі пайдалы қазбаға тұнып тұрған 100-ден аса кен орны 16-шы маусымда ашық саудаға шығарылмақ, деп хабарлайды КТК арнасының сайты. Яғни, кез-келген қалталы Қазақстан азаматы мен шетелдіктер аукционға қатысып, бағалы, түрлі-түсті металл, алтын, мыс, тіпті алмазы бар кен орнын сатып алуға қақы бар. Ең қымбат баға ұсынған байлар қойнауы қазынаға толы жердің иесі атанады. Бірінші кезең бойынша, Ақмола облысындағы «Комсомол» кен орны саудаға түседі. Оның  бастапқы құны 9 жарым миллион. Ал, Солтүстік Қазақстандағы алмазы бар «Қаратал» кен орнының бастапқы бағасы  600 мың теңге. Аукционға қатысуға ниетті инвесторлар мен жергілікті кәсіпкерлер 26-шы мамырға дейін өтініш жазуы тиіс. Жер қойнауындағы байлықты жаппай сату науқаны былтыр басталған болатын. Ол кезде саудаға қойылған 100 кен орнының 49-ы сатылып, бюджетке 1 жарым миллиард теңге түскен (Дерек көзі: Stan.kz).  Бүгін мұнайымызды кепілдікке алса, ертең жерімізді кепілдікке қоятындар да табылады.

Сондай-ақ, Қытай қазіргі кезде аймақта қытайша оқып, білім алған тіл мамандарының санын көбейтуге талпынып жатыр. Бұл бағытта Ақтөбе пединституты жанынан «Конфуциий» ілімін оқытатын бөлім де ашылды. Қытайға барып қытай тілін үйренемін деуші қазақ жастарына барлық жағдайлар жасайды. Ойлағандары: қытайша тіл үйренген қазақ жастарын болашақта қытай мемлекеті мүддесін өткізуші әлеуметтік құралға айналдыру. Осы орайда, бір кезде «біздің басымызды біріктіретін орыс тілі»деген үндеумен «ұлы тіл» де осылай қазаққа орыс тілін кәсіп еткен мұғалім қазақтардың оқытуымен, зиялылардың қолдауымен түпкілікті таңылғанын, елімізді отарлауға зор мүмкіншілік жасалғанын неге ұмытамыз?

Біз қанша жерден: «Қазақстан мен Қытай әлеуеті өз-ара бірін-бірі толықтыруда, стратегиялық серіктестігіміз жарқын, келешегі нәтижелі және шынай достық, түсіністік рухында дамуда» — десек те, бабаларымыздың: «қара қытай қаптаса – мойныңа түскен қыл бұрау», — деген ескертуін ұмытпағанамыз, олардың қай саясаты болмасын Қазақстанның емес, керісінше қытайдың мүддесін ғана көздейтінін ескергеніміз абзал. Олар бүгінде қазақ экономикасын ашықтан-ашық тонап жатыр. Жер мемлекеттік қауіпсіздігінің кепілі. Бүгін 5 мамырда Президент жердің сатылуын, жалға берілуін әлі де зерттеп, зерделеу қажеттігін айтып, 1 жылға мараторий жариялады. Барлығы алдағы уақытта халық мүддесі тұрғысынан шешіледі деп үміттенейік.

Ендеше жыл сайын миллиардтаған доллар кіріс келтіретін өз мұнайымыздан тамшылатып төлеген салығына малданып отыра бермей (бар болғаны бірнеше миллион теңге), экономикалық жағынан қытайдың шикізат көзіне, боданына айналмау үшін, олардың отарлық езгіні ғана көздеген жымысқы саясатын сезініп, қазақ билігі тәуелсіз экономика құру жолына түскені дұрыс демекпіз.

.;lmk

Нұрлыбай Қошаманұлы,

Ақтөбе қаласы

 Ұлт порталы