Қазақстанның 11-ші республикалық азаматтық форумы

Биыл алғаш рет Қазақстанның барлық өңірлерінде облыс әкімдіктері мен ӨКП қолдауымен қоғам белсенділерімен ұйымдастырылған өңірлік азаматтық форумдар өтіп, онда қоғамымыздың ең өзекті мәселелері талқыланды.
Ал, 18-19 қазанда Астанада Қазақстанның 11-ші республикалық азаматтық форумы өтеді, онда өңірлік форумдарда талқыланған мәселелердің қорытындысы шығарылып, өңірлерде көтерілген мәселелерді шешу жолдары ұсынылып, әлеуметтік әріптестік мәселелері талқыланады.
Республикалық форумға еліміздің түкпір-түкпірінен ҮЕҰ мен қоғамдық кеңестердің 600-ден астам өкілі, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Атамекен» ҰКП және азаматтық белсенділер қатысады. Форум «Қазмедиа орталығында» өтеді.
Форум бағдарламасында:
• Әлеуметтік жобалардың көрме-тұсаукесері;
• Азаматтық қоғамды дамытудың өзекті мәселелері бойынша диалог алаңдары;
• Серіктестік келісімдер мен меморандумдарға қол қою;
• Қайырымдылық саласындағы құрметті атағымен марапаттау;
• «Таңдау» Республикалық қоғамдық сыйлығын тапсыру;
• ҮЕҰ-2023 сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау іс-шаралары өтеді.