Қазақстанның басым бөлігінде «Құралайдың салқыны»

Еліміздің көп өңірінде жауын-шашын болмаса да, жел тұрып, шаңды дауыл көз аштырмайды. Қазгидрометтің хабарлауынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарының кей аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Су тасқыны әбден әбігерге салған Алматы облысында да бүгін жаңбыр жаумаса да, күн күркіреп, найзағай ойнамақ. Бабаларымыздың болжамындағы «Құралайдың салқыны» осы болса керек. Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында да желдің жылдамдығы жоғары. Сондықтан, республика тұрғындарына мамырдың соңғы аптасында жазға асықпай жылы киініп жүруге кеңес береміз.

«ЕлАна»