«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» АТАҒЫН АЛҒАН ЖАМБЫЛДЫҚ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ұстаздар күніне орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесіндегі үздік жетістіктері мен сіңірген еңбегі үшін облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының география пәнінің мұғалімі Волотько Наталья Владимировнаға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын табыстады.
💐Осыған орай, бүгін басқарма басшысы Садырқұлов Рауан Нұрғалиұлы Наталья Владимировнаны қабылдап, өзінің ұстаздық жолында саналы түрде оқушыларға білім мен тәрбие бергені, шәкірттерінің жүрегінде терең із қалдырғаны және халықаралық деңгейде жетіске жетіп жүрген шәкірттерді тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының қолынан алған марапатымен құттықтады.
🔹Кездесуде Наталья Владимировна Президенттің қолынан марапат алғандағы сезімімен бөлісіп, Ақордадағы ұстаздарға көрсетілген ерекше құрмет туралы айтты. Сонымен қатар, білімді жастарды тәрбиелеудегі тәжірибесімен бөлісті. Дарынды шәкірттерін де тілге тиек етті. Мемлекет тарапынан ұстаздарға көрсетілген мұндай жоғары құрмет – білім саласының маңыздылығын және қоғамда ұстаздық еңбектің қадір-қасиетін айқындайтындығын да айтып өтті.