Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың мұрасын сақтау жөніндегі арнайы комиссия құрылатын болды
Маңғыстау облысы әкімі Алик Айдарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қоғам және саяси қайраткері Әбіш Кекілбаевтың мәдени мұраларын сақтау және шығармаларын көпшілікке таныту жөніндегі арнайы комиссия құрылатын болды. Облыстық мәдениет басқармасы комиссия мүшелерін анықтап, іс-қимыл жоспарын жасақтайды.
-Әбіш аға тек қана біздің аймаққа емес, сондай-ақ барлық елге танымалтұлға. Оның аты бүкіл әлемге белгілі. Бүгінгі біздің мақсатымыз – болашақ ұрпаққа ұлағатты мұрасын сақтап, таныту.Сол себепті, комиссия құру және шараларды жоспарлау кезде міндетті түрде Маңғыстау облысы тұрғындарының ой-пікірлері ескеріледі, — деді Алик Айдарбаев.
Ұзақ мерзімді жоспарды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді.
Айман Оңғарбайқызы
Маңғыстау облысы