Қазақтан шыққан әйгілі пулеметші туралы не білеміз?

⠀Биыл қазақтың қайтпас қайсар қаһарман қызы, әйгілі пулеметші Мәншүк Мәметованың туғанына 100 толады.

Атаулы күнге орай, назарларыңызға қызықты 7 деректі ұсынамыз:

✅Мәншүктің ата-анасы азан қойып берген есімі – Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен.

✅1922 жылдың қазан айында Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келді. Мәнсияның балалық шағы Қазақ КСР-да, Жасқұс деп аталатын ауылда өтті.

✅ 1931-1938 жылдары Алматы қаласындағы №28 мектепте білім алады. Осы жылдар ішінде Мәншүктің туған анасы мен әкесі бірінен кейін бірі көз жұмады.

✅Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медициналық институтында оқып жүрген.

✅1942 жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-інші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.

✅Көп ұзамай пулеметшілер батальонына алынған Мәншүк бөлім командиріне дейін көтеріліп, сержант атағын алды. Осы батальон 1943 жылдың күз айында Изоча станциясын жау қолынан босатуға қатысты.

✅Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» көркем фильм түсірілді.

⠀ҚАНДАЙ ДЕРЕКТЕР ҚОСАР ЕДІҢІЗ?
Желіден алынды