ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ СКРИПКАШЫ
Әлім Алмат-қазақ халқыннан шыққан ең тұңғыш скрипкашы.
Әлім Алмат (Ғалымжан Әбдісаламов) 1917 жылғы сәуір айында бүгінгі Ырғыз ауданының Қарақоға деген жерінде дүниеге келген. Әкесі Әбдісалам Төремұратов болыс басшысы болған, ол кісі 1920 жылы дүниеден өткеннен кейін Ғалымжанды атасы Төремұрат (1848-1933ж) қолына алады.
1936 жылы Мәскеуде қазақ өнерінің онкүндігін өткізуді алғаш қолға алған да, оған бастамашы, қамқоршы болып, ұйымдастырып, сәтті өтуіне де басшылық еткен сол замандағы Қазақ КСР халық-ағарту комиссары Темірбек Жүргенов болатын. Сол заманда халық ағарту комиссары болған Темірбек Жүргенов дарынды да білімді, біліктілігімен бірге нағыз өнерлі, қабілетті адамдарды жазбай танитын болған. Күндердің күнінде ол музыка мектебінің директоры Сарымовқа телефон соғып Әлім Алматты оқуға алдырды. Ол әуелі Алматыда екі жарым жыл, кейін Ташкентте үш жыл оқиды.
Әлім Алматтың тағдырына алғаш рет осылай жол ашып берген екен.
«Мәдениет» журналы сәуір 2018 жыл. Әбділуақап Қара мақаласынан.
Дайындаған — Бүркітбаева Гүлгаухар, орталықтың мәдени ұйымдастырушысы
Жамбыл Облысы Əкімдігінің Мəдениет Басқармасы
Руханият Және Тарихтану Орталығы