Қазақтар қандай ерекше жағдайларда мал сойған?
Жаман түс көргенде,«құдай жолына» ниет қылып,«ай мүйізді, аша тұяқты, жұпар иісті» малын құрбандыққа шалған.
Көптен құрсақ көтермей жүрген әйелі ұл туғанда, немесе көп жылға созылған қырғын соғыстан туысқаны аман оралғанда боздатып, өрісте жүрген ақ түйенің қарнын жарады.
Қойдан екі «көк қошқар», түйеден екі «көк бураны» сойып, ұлан асыр той жасалады.«Ақ түйенің қарны жарылған күн» деген сөз осы рәсімге қатысты қалыптасқан.
Наурыз кітабынан
Құрастырған: М. Қазбеков
Әзірленен: мекеменің кіші ғылыми қызметкері Азимкулова М.
Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы