Қазақтың атақты билері
Төле Әлібекұлы ( 1663-1756 ) қазіргі Жамбыл облысы, Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Қазақ шежіресінде: Дулаттан Жаныс, Жарылқамыс, Жарылқамыстан Жанту би одан Жайылмыс би, одан Құдайберді би.
Сол тоғыз ұлдың бірі Әлібектен Төле би туады. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Арабша, парсыша тарихи кітаптарды, аңыз хисса- тарихтарын ел арасынан тыңдап, өзінен бұрыңғы өткен шешен билер мен хандар, әсіресе өзінің бабалары Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді, тапқыр, өнегелі нақыл, шешен сөздерін ойында сақтап өседі.
Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмар шешен, би болған кісі екен. Жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл — парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Төле би өсе келе Ұлы жүздің төбе биі атанады.
Материалды дайындаған орталықтың қызметкері Нокусова Меруерт.
Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы