ҚАЗАҚТЫҢ МАҚАЛ — МƏТЕЛДЕРІ

«АТАСЫ ЖАҚСЫ КӨРГЕНІН АЙТАДЫ,
АТАСЫ ЖАМАН, БЕРГЕНІН АЙТАДЫ».
«ƏРКІМ ЖОЛДАС БОЛАР АМАНДЫҚТА,
ЖАМАН ТАСТАП КЕТЕДІ ЖАМАНДЫҚТА».
«БАСЫҢА ІС ТҮСКЕНДЕ ЖАҚСЫ КӨМЕКТЕСЕР,
ЖАМАН МҰҚАТЫП, КҮЛІП КЕТЕР».
«ЖАҚСЫ АДАМ ТАУЫП СӨЙЛЕЙДІ,
ЖАМАН АДАМ ҚАУЫП СӨЙЛЕЙДІ».
«АРЫҚ АТҚА ЖАЛ БІТСЕ, ЖАНЫНА ТОРСЫҚ БАЙЛАТПАС,
ЖАМАН АДАМҒА МАЛ БІТСЕ, ҚАСЫНА ҚОҢСЫ ҚОНДЫРМАС, ҚОНДЫРСА ДА ОҢДЫРМАС».
«ЕКІ ЖАҚСЫ ҚОСЫЛСА, АЙЫРЫЛСУҒА ҚИЫСПАЙДЫ,
ЕКІ ЖАМАН ҚОСЫЛСА, КЕҢ ДҮНИЕГЕ СЫЙЫСПАЙДЫ».
«БҰЛТТАН ШЫҚҚАН КҮН АЩЫ,
ЖАМАН ƏЙЕЛДІҢ ТІЛІ АЩЫ».
ЖАҚСЫ ЖАНЫҢА ЖОЛДАС,
ЖАМАН МАЛЫҢА ЖОЛДАС».
«ЖАҚСЫ КІСІ ТЕКШІЛ, ЖАМАН АДАМ КЕКШІЛ».
«ЖАҚСЫ ҚАРТАЙСА ДА, АҚЫЛЫНАН ТАНБАС,
ЖАМАН АТ ҚАРТАЙСА ДА, ЖҮРІСІНЕН ТАНБАС».
«ЖАҚСЫ КІСІ МАҚТАНСА,
《ЖАМАННАН ЖАТА БЕРІП ҚАЛДЫМ》 ДЕР.
ЖАМАН КІСІ МАҚТАНСА,
《ЖАҚСЫНЫ ЖАҒАСЫНАН АЛДЫМ》 ДЕР.
«ЖАҚСЫҒА БЕРСЕҢ АСЫҢДЫ,
ЖАҚСЫ СЫЙЛАР БАСЫҢДЫ.
ЖАМАНҒА БЕРСЕҢ АСЫҢДЫ,
ИТКЕ ТАСТАР БАСЫҢДЫ».
«ЖАҚСЫ ӨЗ БАСЫНАН КӨРЕДІ,
ЖАМАН ЖОЛДАСЫНАН КӨРЕДІ».
«ЖАҚСЫДАН ЖАМАН ТУСА, ЕМ ТАБЫЛМАС,
ЖАМАННАН ЖАҚСЫ ТУСА, ТЕҢ ТАБЫЛМАС».
«ЖАҚСЫДАН ЖАМАН ТУАДВ, БІР АЯҚ АСҚА АЛҒЫСЫЗ,
ЖАМАННАН ЖАҚСЫ ТУАДЫ, АДАМ АЙТСА НАНҒЫСЫЗ».
«ЖАҚСЫҒА СӨЗ ІЛЕСЕДІ,
ЖАМАНҒА ШӨП ІЛЕСЕДІ».