Қазақтың ұлттық құндылықтарын жойғысы келетіндер көп
– Жақында АҚШ-тың 47-президенті Дональд Трамп бұдан былай екі жыныс- тыларға шектеу қойды. ЛГБТ-ға, яғни табиғи жаратылысқа қарсы жынойнақ топтарға АҚШ-та заңмен тыйым салынады деген сөз. Біздің елімізде осындай заң қашан жүзеге асар екен, ә?
Айтпақшы, Бағила ханым, петиция жайы не болып жатыр? Ол да өзекті мәселенің бір еді ғой. Сондай-ақ алдағы уақытта біз сөз етіп жатқан жайттарға қатысты қандай жұмыстар жүргізілуі қажет деп ойлайсыз?
– Жаңа жылдан бері алғашқы жанға жағымды жаңалық осы болды, тек қана біз үшін емес, бүкіл саналы адамзат үшін, АҚШ-тан Дональд Трамп мырзаның гендер мәселесінің нүктесін қойған сөзі сүйінші жаңалық болды.
Батыстан бастау алған былық пен азғындық Батыстан тоқтау алып жатыр, ол қуанатын жәйт, оған да Аллаға шүкір деймін. Ал бізде бұлардың өздері тұрмақ, ЛГБТ үгіт-насихатына тыйым салынатын заң әлі жоқ.
Соңғы бес жылда еліміздегі өршіп бара жатқан азғын ұйымдардың іс-әрекеттеріне қарсылығымды білдіріп, өз тарапымнан қолдан келгенше күресіп жүрген қоғам белсендісі ретінде, ұл-қыз тәрбиелеп отырған ана ретінде, былтыр 26 маусымда ЛГБТ ұйымдарының ашық және жасырын түрдегі үгіт-насихаттарына тыйым салынуын талап етіп, Мәдениет министрлігіне жолдап, петиция жариялаған едім. Екі аптаға жетпес уақытта, Алланың қалауымен, халықтың жаппай қолдауымен 50 000 қолды бірден жинадық! Халықтың көкейінде жүрген жанайқайы Үкіметке жетті! Артынша жұмыс тобы құрылды.