Қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының болашақ ұрпаққа қалдырған «ӨСИЕТІ»
Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.
- Құдайшылық- жүректе. Қалпыңды таза сақта.
- Құдайдан- қорық, пендеден – ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!
- Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.
- Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.
- Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.
- Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң – Алланың сүйген құлының бірі боласың.
- Жылуы жоқ бойының, жылмиғаны неткені?..
- Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы.
- Егер менің ішімді жарып өрсең, жылауыңды тоқтатып, шошыр едің.
- Қайғысыздың бәрі асау.
- Өлейін деп өлмейді өлерік жан.
- Распенен таласпа.
14 Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
- Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып. - Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел.
- Сұлуды сүймектік – пайғамбар сүннеті.
- Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды.
- Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді.
- Мұңдасқан көңілде кір қалмайды.
- Өзі жат елде қайыршылық қылып жүріп, елін бай деп мақтайтындар – құдай қарғағандар.
- Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.
- Жүректі қозғайтын – жастықтың оты.