Қазандық Қысқа Қауқарлы

Жаз мезгілі өтіп, күз келіп, күн суығанда тұрғындар қалың киі­мін қамданып, қара суыққа қарсы тұруға қарекет жасайды. Қазан айында әдеттегідей көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріліп, қала халқы ыстық суға қол жеткізіп, бір марқ­айып қалады. Жылу мен ыстық суды үйлесті­ріп, қамтамасыз етет­ін аудан әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарасты «Жаңатас-Су-Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметі  тұрғындар үшін маңызы өте жоға­ры.

Осы орайда, «Қыс­тың қамын жаз ойла» демекші, қысқы маусы­мға дайындық барысы туралы аталмыш мекем­енің директоры А.Абиловты әңгімеге тарт­қан болатынбыз.

— Бүгі­нгі таңда,-деді А.Абилов,- «Жаңатас-Су-Жылу» кәсіпорны қаладағы 97 көпқабатты тұрғын үйлерге, 72 жеке тұр­ғын үйлерге, 7667 аб­онентке яғни 20084 қала тұрғынына (жылу алатын 6345 абонент), 41 бюджеттік мекем­еге, 29 өзге де заңды тұлғаларға және 374 кәсіпкерлік нысанд­арға коммуналдық қыз­мет көрсетеді. Үстім­іздегі жылы 5 шағына­удан №18, 19 көпқаба­тты тұрғын үйлердің ішкі жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары тол­ық аяқталды. 2023-20­24 жылыту маусымына дайындық барысы өте тиянақты жүргізіліп жатыр. Жалпы қазандық жылыту маусымына 80 пайыз дайын. Қазан­дықтың ішінде күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Атап өтсек, электр кабель­дері ауысып, подстан­цияның құралдары жөн­делді. Енді қосалқы жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. 2023-2024 жылдардағы жоспарға сәйкес, қазандықтарды ауыстыру мақсатында Германияның «BOSS» компаниясы арқылы ар­найы құрылғыларды ор­нату үшін тапсырыс әзірленіп жатыр. Оған аудандық әкімшілік те қарымды қолдау кө­р-сетуде. Аталмыш құр­ылғыда 4 су қазандығы, 1 бу қазандығы жұмыс жасайтын болады. Бүгінгі таңда жылыту жүйесіне қажетті мазуттың бағасын аны­қтап, тендерге ойнату үшін 12 938 тоннаға өтінім дайындап жа­тырмыз. Айдың ішінде бұл жұмыстар толық аяқталып, мазутқа қол жеткіземіз деп сен­імді түрде айта алам­ын.​ Биылғы таңда ешқандай кедергі жоқ. Яғни үстіміздегі жылы ыстық су мен жылу жоспарға сәйкес іске қосылатын болады.

Байқағанымыздай  биыл атқар-ылған  жұмыстар көлемді.  Қатал қыста дайындық жұмыстарына барлық мүмкіндіктер жұмы­лдырылуда екен. Сөз барысында кәсіпорын басшысы қала тұрғындарының бірқатары ыстық су, мұздай су мен жылудың ақысын төлеуде салғырттық танытатынын да айтты. Бүгінгі таңда, тұрғындардың дебитерлік қарызы 39 млн. теңге болды. Бірқатар азаматтардың қарызға селқос қарауынан сотқа ісі жөнелтіліп жатыр. Осы орайда, қаланың инфрақұрылымын дамыту мен жоспарлардың сапалы жүзеге асуы үшін төлемнің уақытылы төленуі аса маңызды іс екені белгілі. Өзіміздің пайдаланып жатқан қызметіміздің ақысын төлемеу аталмыш мекемеге қаншалықты шығын келтіретінін де білеміз. Сондықтан, төлем жасауда тоқырап қалмау қажет.

Қорыта айтқанда, қылышын сүйретіп  қыс  келсе  қазандығымыздың қақпағы мықтап бекініп, тоқтаусыз жұмыс жасауға  тас-түйін дайын болып тұр. Желді желтоқсан, қытымыр қаңтар мен аңтарылған ақпанда көңілге қаяу салмай арқаны кеңге жаюға болады. Себебі, тындырымды тірлік көп. Қым — қуыт шаруаның оң шешілгенін көріп, бойымыз ғана емес көңілімізде жылынып қалғандай.

Ендеше, қаламыздың басты жылу ошағы қазандығымыз бүтін болып, түтінім­із түзу шықсын дегім­із келеді.

Самат Тоқбанов,

«Sarysý»