ҚАЖ қызметкерлері қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасады
Мұсылман қауымы үшін Қасиетті Рамазан айының маңызы зор. Мың айдан да қайырлы дәл осы кезеңде барша жұрт сауапты істен құр қалмауға тырысады. Әркім шама-шарқы жеткенінше жақсылық жасап, өзгені қуантуға асығары анық.
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің қызметкерлері де мұндай игі шаралардан шет қалған емес. ҚАЖ қызметкерлері көмекке мұқтаж отбасыларға бұған дейін де қамқорлық танытып келген.
Бұл жолы аз қамтылған көпбалалы анаға аса қажетті азы-түліктерді молынан тарту етіп, алғысқа бөленді. Өз кезегінде көпбалалы ана қайырымдылық жасауға жаны құмар тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді.