ҚАЖ қызметкерлері “Мектепке жол” республикалық қайырымдылық акциясына өз үлестерін қосты
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биылда өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді. Акцияның мақсаты -аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына,жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға балаларды мектепке дайындау және киім-кешек,аяқ киім, кеңсе тауарларының жетіспеуіне байланысты балалардың мектепке бармауына жол бермеу үшін қолдау көрсету. Қайырымдылық эстафетасына Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесі ұжымы да көмек қолын созды. Мекеме қызметкерлері қайырымдылық көмекті қаржылай аз қамтылған отбасыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасын алу үшін берді. Жалпы, мекеме ұжымы ерекше көмек қажет ететін балаларды мектепке дайындау жыл сайынғы дәстүрге айналдырған. Балалардың анасы қызметкерлердің көмектеріне қуанып,мекеме ұжымына көрсеткен қолдауы үшін алғысын айтып, еңбектеріне табыс тіледі.