ҚАЖ қызметкерлері жұмысқа шақырады

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, мекемелерге теологиялық білімі бар қызметкерлерді жұмысқа шақыру мақсатында,

Жамбыл облысы ҚАЖ департаменті тәрбие және кадр саясаты бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Дидар Рысбеков және сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы тобының аға инспекторы әділет аға лейтенанты Жандос Тортаев өңірлік һибатулла-Тарази медресе колледж түлектерімен кездесті. Түлектерге үгіт- насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында, ҚАЖ департаментіне жұмысқа кіру тәртібі, жұмыс барысы жайында ақпараттар берілді.