ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕККЕ — ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ

Еліміздің бас мерекелерінің бірі – Республика күні қарсаңында мерекелер тізбесі тағы бір кәсіби мерекемен толықты. Бұдан былай 24 қазанда кітапханашылар күні аталып өтетін болады.

Осыған орай аудан әкімі Сәкен Арубаев ардақты мамандық иелері ауданымыздағы кітапханашылармен арнайы кездесіп, төл мерекелерімен құттықтады.


Сонымен бірге жас та болса жасындай жарқылдап, ауданның мәдениет саласына еңбек сіңіріп жүрген белсенді жастарды
марапаттады!
Құрметті кітапханашылар!
Ел игілігі жолындағы жұмыстарыңыз жемісті болсын! Руханиятқа қосқан қомақты үлестеріңізге алғыс айта отырып, тағы да кәсіби мерекелеріңіз — Кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! — деді өз сөзінде аудан басшысы Сәкен Қаланұлы.
Шу ауданы әкімдігі