Қазір туысыңның үйіне емін-еркін бара алмайсың – Досымжан Таңатаров

Әнші Досымжан Таңатаров туған-туыстар арасындағы қарым-қатынас бұрынғыдан өзгеріп кеткені жөнінде ойын айтты.

Qazaqstan ұлттық арнасындағы “Қайырлы таң” бағдарламасына келген әнші осы турасында ойын айтқан.

Бұрын туыстарымыздың үйіне кез келген уақытта емін-еркін бара беретінбіз. Қазір беймезгіл уақытта ешкім бара алмайды. Баратын болса, міндетті түрде хабарласып, айтасың. Біздің кезде телефон жоқ еді. Үйіне барып алып, телефон жоқ болып, есік алдында күтіп отыра беретінбіз. Түннің бір уағында есігін қағып, құда-балалардың, туыстарымыздың, бір көрген кісінің үйіне барып, кіре беретінбіз. Олар жақсы қабылдайтын. Олар жоқ болса да, бар нәрсені беретін. Оған сын көзбен қарамайтынбыз. Сол кісімен бірге бұйырған нәрсені жейтінбіз. Қазір өз туысыңа “біз келе жатырмыз” деп ескертеді. Ұл-қыздарымыз қазір басқа уақытта тәрбиеленіп келе жатыр, – дейді әнші.

Оның бұл пікірін сұхбаттасқан жүргізушілер де қоштайды.