Қазығұртта 5 индустриалды жоба іске асқан
Қазығұрт ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі өткен жылы 91 млрд. теңгені құраса, осы жылдың алғашқы жартыжылдығында 33,2 млрд теңге болған. Аудан әкімі Төлеген Телғараевтың мәлім еткен мәліметіне сүйенсек, өткен жылы «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» бағдарламасына енген жалпы құны 2,6 млрд. теңге болатын 7 жобаның инвесторлардың көмегімен бүгінде 5-уі іске қосылған. Осының нәтижесінде 162 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 2017 жылдың соңына дейін қосымша 2 жаңа жоба іске асырылып, 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Бұл кәсіпорындардың жалпы құны 722,7 млн. теңге болады екен.
— 2017 жылдың 6 айында өндірілген өнім көлемі 2964,2 млн. теңге болып, нақты көлем индексі 105 пайызды құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 441 млн. теңгеге артық өнім өндірілді. Олардың ішінде кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары бойынша 40,7 млн. теңге, өңдеу өнеркәсібі бойынша 2363,6 млн. теңге, электрмен жабдықтау, газ беру бойынша 527,8 млн теңге, сумен жабдықтау бойынша 32,1 млн. теңгеге өндірілді, — деді аудан басшысы.
Аудан әкімінің сөзіне сенсек, жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемін 6,1 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр екен.
Нұр МЕКЕН, Оңтүстік Қазақстан облысы.