ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАР ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕЛЕРГЕ СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

✔️Көңілді көктемнің алғашқы күндерімен қатар келетін ең қадірлі, жүректерге жылы мереке, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні.
✔️Осынау мерейлі мерекенің қарсаңында аудан әкімі Азизхан Исмаилов Қазығұрт ауданындағы ғасыр куәгері болып, жүз жылдан аса ғұмыр кешіп келе жатқан бірқатар қарт аналарымызды мерекесімен құттықтады.
✔️Атап айтар болсақ, 108 жасқа келген Шарбұлақ ауылының тұрғыны Келесбаева Гүлзи әже, 105 жасқа келген Жаңабазарлық Төлегенова Фатима әже, 103 жасқа келген Сарапханалық әже Еркебаева Ұлбосын, 100 жасқа келген Жаңабазарлық Белгібаева Айбүбі әже, 100 жасқа келген Қ.Әбдалиев ауылының тұрғыны Шарахметова Анипа әже, 100 жасқа келген С.Рахимов ауылының тұрғыны Бекбауова Рахия әжелердің шаңырағына арнайы барып, Алғыс хаттар мен сый-сияпаттарын тапсырды.
✔️Сондай-ақ ауданда 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – мәңгілік шуақ төккен ғасырларға!» атты мерекелік шара өтті.
✔️Аудан әкімі Азизхан Исмаилов мерекеге арнайы қатысып, әжелерге, аналарға, қыз-келіншектерге мерекелік гүл шоқтары мен Алғыс хаттар табыстады.
✔️Мерекелік кеште аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, көңілді концерттік бағдарлама ұсынды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі