Кедейдің есігін қаққан тағдыр
Бір күні жас жұбайлар бірге тамақтанып отыр еді. Бір кезде үйлерінің есігін біреу қағады. Әйел есікті ашса, бір кедей адам нан сұрап тұр екен. Әйел нан беріп жатқанда күйеуі:
— Мен жұмыс істеп ақша табамын, ол да солай істесін, қуып жібер! — деп айқай салады.
Әйел ештеңе деместен есікті жауып қояды.
Күндердің күнінде ерлі-зайыптылардың шаңырағы шайқалып, ажырасады. Бір жылдан кейін әйел басқа адамға тұрмысқа шығады. Сол жарымен түскі ас ішіп отырғанда есік қағылады. Есікті ашса, тағы да бір кедей адам нан сұрап тұр екен. Олар оны дастарханға отырғызып, тамақ береді.
Сосын күйеуі әйелден:
— Неге көңілің түсіп кетті? — деп сұрайды.
Әйел:
— Сен оның кім екенін білесің бе? — дейді.
— Кім? —
— Менің бұрынғы күйеуім! —
— Ал менің кім екенімді білесің бе? — дейді кедей.
— Кім? —
— Сол кездегі нан сұрап келген кедеймін.
Ғибрат:
Жер дүниені дүние кезсең де, кедей адам болудан қорықпа, бірақ арзан адам болудан қорық!
Желіден алынды.