Келешек
Егер ер адам жас әйелдің өміріне қамқорлықсыз, тамақсыз, ақшасыз, көмектесейін деген ниетсіз, тіпті гүлсіз келсе – онда ол бейсауыт адам. Осыны түсінгенше әйелдер талай сүрінеді. Талай жылайды. Ол адам сізге бөтен. Жат. Ешкім емес. Ол бар болғаны құпия таудан ауып келген жабайы. Оның ең пайдалы қасиеті күнделікті эрекция ғана, ал жағымсыз қасиетін санауға сан жетпейді, оның бәрін мықты психолог та саралап үлгермейді. Еркек азамат болса, ықыласы ауған әйелге қамқорлық танытады. Басқаша болуы мүмкін емес. Басқасы тек сылтау. Бір көргеннен сізге көлік әпермес, ақшаның астында қалдырмас, бірақ бір айдан кейін шын ықыласын білдіріп, қамқорлығын таныта бастайды. Ешкім ешкімге ештеңе берешек емес. Бұл рас. Бірақ ол азамат болса, тек азаматтық әдепті, тәрбиені көрсетеді. Атам заманнан бар ақиқат: әйел еркекке төсек қатынасы арқылы бойындағы бүкіл энергиясын береді. Есесіне келешек ұрпақты өрбіту үшін мол игілікке, қамқорлыққа, қорғанға кенеледі. Егер әйел есесіне ештеңе алмаса, оның қойнына қанша түнесе де, ешкім ешбір энергия ала алмайды. Кездейсоқ бір түннен екеуі де энергия алмасады деу – бос сөз. Әйелден дегенін алу үшін Казановалар ертегі соғады, өтірік айтады, алдайды, арбайды. Ықыласқа зәрулігін сездіртеді. Жай төсек қатынасы болуын емес, әйелдің жүрек түбіндегі энергиясына кенелгісі келеді. Ертең сыйлық әперем, бар жақсылықты басыңа үйіп қоям дейді. Олар энергияны кредитке алуға тырысады. Әйелдер құлақпен сүйеді деген содан қалған сөз болса керек. Егер әйелдің ықыласы аумаса, елітпесе, шын құмарлығы оянбаса, азаматқа ізгі құрметі болмаса, есесіне дым алмаса – еркекке түк бұйырмайды. Онда ол әншейін гимнастика, массаж боп шығады. Ондай түннен кейін тіпті қоңырау да шалмайды. Өлең шығармайды. Кітап жазбайтыны хақ. Мінезі де өзгермейді. Мұндай бейәдеп түннен кейін еркек қанаттанбайды. Шығармашылыққа ден қоя алмас. Бірдеңе жасай қойса, ол жай далбаса болады. Азамат – энергия алмасудың қарапайым айналымын ерте бастан түсінбесе, өзіне дейінгі жетістікке жеткен ерлердің толыққанды тәжірибесін жоққа шығарса, онда ол – есек. Шық бермес Шығайбай. Ұрпаққа, келешекке берері жоқ. Дым берместерден ештеңе сұрамаңыздар. Сізге ниеті ауған, сізден басқаны көрмейтін, сіздің өмірді гүлдендіремін деген адамға ықыласты болыңыз. Сонда ғана қарым-қатынас дұрыс арнаға түседі.
(C) Сергей Свежевский
Аударған Шынар Әбілда