КЕЛЕСТЕ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ӨЗДЕРІ ОҚЫҒАН БІЛІМ ОШАҒЫНА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Келес ауданында мектеп түлектері өздері білім алған мектеп ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нақтырақ айтсақ, аудан орталығы Абай ауылында орналасқан №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясының ауласына түлектер демеушілігімен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Келес ауданында орналасқан №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясында елімізге қызмет етіп жүрген белгілі азаматтар білім алған. Қазіргі таңда ең өзекті мәселенің бірі — балалардың сапалы білім алуы үшін қолайлы жағдай жасау.Сондықтан оқу ордасында жасалып жатқан қолдауға мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен ата-аналар өз ризашылықтарын білдіруде. Демеушілерге өз атымнан да жеке алғыс айтқым келеді. Ауданымыздың басқа түлектері де білім ордаларына осындай қолдау көрсете білуі керек» — дейді аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиев.

Айта кетейік, биыл Келес ауданындағы 3 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан болса, жаңадан 3 мектептің құрылысы жүргізілуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі