КЕЛЕСТЕ ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Келес ауданындағы жолдарды және әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерді қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Оған 50-ге жуық жұмысшысы атсалысты.
Атап өтсек, республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолына 77,6 шқ «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ тарапынан 4 техника 11 жұмысшы жұмылдырылған.
Сонымен қатар облыстық маңызы бар, 261,1 шқ автомобиль жолына «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан 2 техника, 10 жұмысшы шықса, аудандық маңызы бар 122,5 автомобиль жолдарымен аудан орталығы Абай ауылының ішкі көшелеріне «Султан и К» ЖШС 2 техника, 5 жұмысшы, «Келес қызмет» КММ 6 техника, 25 жұмысшы жұмылдырылып, автомобиль жолдары қардан тазалап құм, тұз шашу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстардың барысы аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевтың бақылауында. Сондай-ақ аудан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі штаб мүшелеріне нақты тапсырмалар жүктелген. Нақтырақ айтсақ, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін қатаң бақылауға алу, жылыту маусымындағы қауіпсіздік шараларын сақтауға, аудандық маңызы бар жолдар мен елдімекендердің ішкі көшелерін, ең бірінші кезекте мектепке, балабақшаға және медицина мекемелеріне алып баратын көшелерді қардан тазартуға арнайы тапсырма берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі