Келін

Майра бұл үйге келін болғанына 7 жылдан аса уақыт болды. Келген жері өте жақсы отбасы еді. Алпысқа жақындаған атасы мен елуді еңсерген енесі түсінігі мол жандар еді. Майра қалаған уақытта ұйқыдан тұрып, қалаған киімін киіп қызындай жүрді. Арада 7 жыл өткенде қайнысы үйге алыс бір облыстан келін əкелді. Өзінен сегіз жас кіші қызға абысын болды. Келінінің есімі Аида еді. Аида қарапайым ауылдың қызы еді. Күнде таңертең иіліп сəлемін салып орамалын тастамай тағып жүрді.Мейірімді келінге Майра бір аптадан соң оңаша отырғанда — болды енді қонақтардың аяғы басылды. Орамалыңды тастап сəлем салмасаңда болады. Негізі бізде сəлем салмайды. Тым ерсі көрінеді. Мамадан, пападан рұқсатын алып берем деді. Келіні жымиып жоқ жеңеше мен сəлем салсам үлкендердің батасын аламын ғой деді. Айтқанына көне қоймаған соң гүл болмасаң бүл бол дегендей үндемей қоя салды. Арада бірнеше ай өтседе келін сəлемін үзбеді. Алғашында үрке қараған ағайындар көп жаса келін деп көздері үйрене бастады. Бір күні келіннің төркінінен суыт хабар келді. Аиданың ағасы жол апатынан көз жұмыпты. Бұлар ақылдаса келе құданың ауылына келінді жалғыз жібермей қасына атасы, күйеуі жəне абысыны Майра еріп баратын болып жолға шықты. Жаназаға үлгерді. Шулап жылаған адамдар, өте көп туыстар, ауылдың бүкіл адамы жиналып жаназасы да өтті. Аиданың ағасының келіншегі жап жас келіншек аяғы ауыр екен. Бірде есін біліп бірде есін білмей жылай, жылай күнді батырды. Ертесіне Аиданы төркініне куйеуі екеуін тастап Майра атасы екеуі қайтатын болып ерте тұрды. Майра сонда байқады. Зыр жүгіріп қызмет жасап жүрген келіндердің барлығы сəлем салып, орамал тағып жүр екен. Тіпті орта жасқа келген əйелдерде сəлем салғанда таң қалды. Барлығы таңертеңгі шəйға отырды. Əлі қонақтарда көп еді. Дастархан жайылып шəй ішіліп жатқан бөлменің аяқ жағында келіннің бөлмесі бар екен. Бұлар шəй ішіп бола бергенде көздері ісіп қызарып кеткен келін бөлмесінен шықты. Түнімен жылап көздері ісіп кеткен-ау шамасы. Шыға сала шəй ішіп отырған көпшілікке сəлем салды иіле. Сонда дастарханның аяқ жағында отырған енесі атып тұрып келінін құшақтай алды. Ащы дауыспен:
— Бауыр етім балам еді, ажал келіп қапыда қанатымнан қайырды.
Жап жас болған қызымау, мейірімсіз сұм тағдыр сəлеміңнен айырды деп бар даусымен жылады. Бұл сөздерге жыламаған жан қалмады. Майраның денесі түршігіп кетті. Есіне келінінің сөздері түсті. Жеңеше мен сəлемді куйеуімнің өмірі ұзақ болсын деп саламын ғой дегенін енді түсінді. Жол бойы ойынан құдағиының ащы даусы кетпеген Майра үйіне келе сала енесіне сəлем салды. Енді үнемі салайыншы мама деп енесін құшақтап жылай берді. (амандасудың, сәлем берудің нығметтері қайда жатыр десеңізші. Біздің қазақтың тәрбиелік салт дәстүріне не жетсін шіркін
Бұл әңгіме тәрбиелі мән бар деп білсеңіздер жандарыңызға азық болар.