Келіннің жанұясындағы міндеттері

1. Ерте тұрып от жағу, шай қойып, дастархан жаю:
2. Төсек-орнын жинап, үй ішін сыпырып, жуу.
3. Үй жиһазын, ыдыс-аяқты күтіп ұстау, тамақ істеу, кір жуу.
4. Баласының, күйеуінің киімін үтіктеп, оқуға, жұмысқа таза, ұқыпты киініп баруын қамтамасыз ету.
5. Отбасы қаржысын үнемдеп жұмсау, оны екінші жалақыға дейін жеткізе білу.
6. Тұрғын үй төлемдерінің уақытында төленуін бақылауға алу.
7. Ағайынның бір-бірімен араласуына, сыйластықта өмір сүруіне ықпал жасау.
8. Қонақжайлық таныту.
9. Өзінің үсті-басын күтіп-ұстауы, отбасында ұрыс-керістің болмауына өзін де жауапты екенін сезінуі.
10. Үй ішінің ескі-құсқыдан құтылып, төсек-орын, киім-кешек, ыдыс-аяқтың, азық-түлік түрлерінің жаңарып, жақсаруына ұйытқы болу.
11. Үлкендер алдында жалаңбас жүрмей, орамал тартып жүруі.
12. Омырауын, балтырын, ішін жалаңаштап көрсететін киім-кещек кимей, әдепті болу, дауыс көтеріп сөйлемеу, қатты күлмеу.
13. Ата-енесінің, бала-шағасының, өзге адамдардың алдында күйеуімен ұрыспау, дөрекі мінез танытпау.
14. Үлкен адамдардың алдын кесіп өтпеу, олардың көзінше ыржалақтап күлмеу, әзілдесіп-қалжыңдаспау.
15. Үй жануарларын (малды, итті, мысықты) аяқпен теппеу, ұрмау.
16. Дастархан басында, ата-енесінің алдында арақ-шарап ішпеу, стақан, рюмке соғыстырмау, оны қолға да алмау.
17. Ата-енесінің төсегіне отырмау, оған жатпау.
18. Үй ішінде әбес бейне-фильмдерді көрмеу, музыка ырғағымен билемеу, дауыстап ән шырқамау.
19. Баласын емізгенде ешкімге де омырауын көрсетпеу.
20. Жуылған іш киімдерін өзгелер көретін жерге іліп қоймау.
21. Ата-енесінің, күйеуінің келісімінсіз орынсыз қонақ шақырмау.
22. Жұрт көзінше әдепсіз қимылдар жасамау.
23. Үй ішін таза ұстау.
24. Өсек, өтірік айтпау, мақтанбау.
25. Отбасының береке-бірлігін, күйеуінің беделін ойлау, ата-анасының сағын сындырмау, төркіншіл болмау.