КЕМЕЛБЕК ҚАРИЯНЫҢ 102-ші КӨКТЕМІ
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске бүгінгі 9 мамырда 78 жыл толды.
Осы айтулы мерекеге орай ауданымыздың барлық елді мекендеріндегі ардагерлерге зор сый-құрмет көрсетілуде.
Ауданда қазір небары қан майданның куәгеріндей 2 ғана соғыс ардагері тұрады.
Солардың бірі Ұлы Отан соғысының ардагері Шәменов Кемелбек қария.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков және аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары Жаңатас қаласында тұратын Шәменов Кемелбектің отбасына арнайы барып, қарт майдангерді мерекесімен құттықтап, сый-сыяпат көрсетті.
Сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен жаужүрек ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, бізге бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғысын білдірді.
Кемелбек Шаменов 1921 жылдың 15 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
1941 жылы Сырдария облысы, Сырдария ауданынан соғысқа аттанған. 1942 жылы майдан даласында ауыр жарақат алып, елге оралды.
Соғыстан кейін «Алексей нан» заводында жүк тасушы, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде жұмысшы болып істеп, 1977 жылы зейнетке шыққан.
Бүгінде 1 ұл, 3 қызынан 20 немере- шөбере сүйіп отыр.
Қария Ұлы Отан соғысының І дәрежелі орденімен, «Маршал Г Жуков» және басқа да мерекелік медальдармен марапатталған.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі