Кемелбек Ойшыбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды Құттықтаймыз!
Кемелбек Ойшыбаев тек Қазақстанның журналистика әлемінде ғана өзіндік айшықты іздерін қалдырған жоқ, алып компания “Қазақтелекомда” да басшы қызметтерде біраз жыл тер төгіпті. Әр жылдар белеңінде коммерциялық құрылымдарда да жемісті еңбек етіп, еліміздің экономикасына сүбелі үлес қосты. “Қазмедиа” орталығында, сондай-ақ халықаралық “Қазақстан ZAMAN” (қазіргі “Qazaqstan dauiri”, 2014-16 ж.ж.) газетінде бас редактордың орынбасары қызметін ойдағыдай атқарды. Біздің газетімізде істеген уақыттарында қалың оқырманды өзіне қаратқан, саяси-экономикалық публицистикалық мақалаларын нөмір аралатпай жазып, сол кезеңдердегі өмір тыныс-тіршілігінің тамырларын тап басып отырды. Әрине, одан кейінгі ол істеген лауазымды орындардағы қызметтері оны одан сайын шыңдағаны сөзсіз. Біз білетін әріптесіміз Кемелбай Ойшыбаев қандай қызметте жүрсін мейлі қалың бұқарамен етене араласа жұмыс істейді, әділетті, турашыл, ақжарқын, кішіпейіл, білімді, парасатты, өз ісінің шебері, жаңашыл. Осындай мінездерімен халықты өзіне баурап алады. Әріптесімізді ҚР Ақпарат және даму вице министрі қызметімен құттықтай отырып, жаңа жұмысына зор табыс, өзіне амандық-есендік, аброй сәттіләк тілейміз!
Зор құрметпен
Халықаралық“Qazaqstan dauiri” газеті,
Алтын жұлдызды Республикалық балалар“Мөлдір бұлақ” журналы
және Республикалық қоғамдық әлеуметтік “Елана” сайтының ұжымдары