Кемеңгер баланы қалай өсіруге болады?

60-жылдары мектеп табалдырығын аттаған балалардың әріп танымауы қалыпты құбылыс еді. Ал бүгінгі таңда 3-жасар бөбек ағылшынша білмесе, оған қиғаш қарайды.

Сізге айтпағымыз: 3-жасар балақай үстелдің үстіне шығып, шағын тақпақ емес, «Отеллодан» үзіндіні көркемдеп оқып тұрса, бұл – оның даныщпандығын емес, ата-ананың мәжбүрлі тәрбиесін көрсетеді. Ал, егер балақайдың өзі шыбынның қанаты бола тұра, ұшудың орнына аяғымен жүріп кеткеніне қызықса, ол – басқа әңгіме. Себебі, бұл оның аңғарымпаздығын, білімқұмарлығын білдіреді. Осындай кезеңде ең бастысы – баланың талап алған бағытын дамыта білу. Бірақ көп ата-аналар оған назар аудармай, баласын ешкім жете алмайтын биіктерден көргілері келеді.

Баланың бітпейтін сұрағына жауап бере біліңіз

1

Бала 4 жасқа толғанда, оған айналадағының бәрі қызық. Сондықтан ата-анасына толассыз «неге» деген сұрақтарын жаудырады. Бала болған соң, жауабыңызды аяғына дейін тыңдамастан қашып кетіп, сәлден соң қайта келіп сұрауы мүмкін. Сондайда үлкендер ашуланып, жауап бермей қояды. Мұндай қылықпен оның дамып келе жатқан ақыл-ойына тосқауыл қойдым дей беріңіз. Бала үлкендердің беделіне күмәндана бастайды. Осыдан кейін балалардың мектепте не үшін оқығылары келмейтініне таңғалмаңыз.

 Балаға толық жауап беруге болмайды

2

Балалар неліктен жауабыңызды толық тыңдамастан, жүгіріп кетеді? Себебі, сұрақ – олар үшін жауап алу тәсілі ғана емес, өз бетімен ашқан жаңалығымен бөлісу мүмкіндігі. Сондықтан сіздің пікіріңіз ол үшін айтарлықтай маңызды болмауы мүмкін. Мәселен, 2-жасар қыз бала сізден әкесінде бар сақал анасында неге жоқтығын сұрап тұр делік. Бұл сұрақтан гөрі өз бетімен ашқан жаңалығына қуанып тұр деген белгі: ер адамдар мен әйелдердің айырмашылығы бар. Балалар, тіпті, ұзақ уақыт бір нәрседе назарын ұстап тұра амайды. Сол себепті оларға ренжудің қажеті жоқ. Дұрысы, сәбиіңіздің қойған сұрағын ойталасқа айналдырып, дұрыс жауапқа оның өз бетімен келуіне мүмкіндік беріңіз: «Ал, әпкеңде сақал бар ма? Ағаңда ше? Ол неге қырынады?» — «Міне, қызық! Сақал тек ер адамдарда өседі!» 

Баланы компьютерге жіберіңіз

3

Алғашында, әрине, балаңызға бірнеше томдық энциклопедия сатып әперіп, қажетті мәліметті содан табуға үйретуге болады. Әрі өзіңіз де көп нәрсені біліп аласыз. Бала жетіліп, сіздің көмегіңіз жетпейтін дәрежеге жетеді. Бірақ ғаламтор бар ғой! Бұл ойды қабылдауыңызға тура келеді.

Ары қарай баланы арнайы жабдықтармен қамтамасыз етуіңіз керек. мәселен, түрлі-түсті бояулар мен қабырғаларға сурет салу құқығы… Иә, үйдің іші шашылады. Алайда, сізге үйдің жинақы болғаны керек пе, әлде данышпан ба?

Ұсақ-түйекке ашуланбаңыз

4

Балаларға мектепте де ескерту жасалады. Сіздің балаңыз болашақ Эйнштейн болса да, оны мінеудің себебі табылады: қисық жазу. Сондықтан үйде сіз де мінегіш болсаңыз, балақайдың қорқақ әрі тұйық болып қалуы ғажап емес.

Мұғалімдердің әдісі кешірімді: себебі олар 30 баланың әрбіріне жол таба білу керек. Ал, сіз өз перзентіңізді бес саусағыңыздай білесіз. Сондықтан оны ұсқынсыз жазу үшін айыптамаңыз, керісінше, ауызша қабілеттері үшін мақтап, сіз үшін мұғалімнің бағасы емес, баланың білімі маңызды екенін жеткізіңіз. Кім не десе де, бағаның бала болашағына тигізер әсері әлсіз.