Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 34 жыл
Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай, Қаратау қаласындағы Жастар саябағында орналасқан «Ауған соғысына қатысқан интернационалист-жауынгерлер монументіне» гүл шоғын қою рәсімі өтті. Аталған жиында ең алғаш сөз алған аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Абдибекова бейбітшілік заманында Ауғанстан жерінде әскери борышын өтеуге барып, қанды шайқаста құрбан болған жерлестеріміз есте мәңгі қалатындығын және бүгінгі ортамызда жүрген ауған ардагерлеріне қуанышқа толы өмір, толағай табыстар мен отбасыларына амандық тіледі. Ауған соғысының ардагері Марат Зиябекұлы жауынгерлермен бірге гүл шоғын қойып, ардагерлерге және жерлестерге ел амандығын, жұрт тыныштығын тіледі. Жиынға қатысушылар ыстық нүктеде өз өмірін қиған, қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне минуттық үнсіздік жариялады.
Талас ауданы әкімдігі