Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына – 35 жыл
СЫЗДЫҚБАЕВ МАРАТ ТИЫШБАЙҰЛЫ
Сыздықбаев Марат Тиышбайұлы 1968 жылы 29 шілдеде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келген.
1983 жылы Жаңатас қаласындағы М. Әуезов орта мектебінің 8-ші сыныбын аяқтап, 1983-жылы СПТУ-9 училищесінде электрик мамандығы бойынша бітірген.
1986-1988 жылдары Кеңес армиясы қатарында Ауғанстан жерінде, Джалалабад қаласында барлаушы, радиоминер, бөлім командирі болып, аға сержант шенінде әскери борышын өтеді.
Елге аман-есен келгеннен кейін 1989-2011жылдары аралығында 20 жылдан аса «Казфосфат» ЖШС-нің «Каратау» тау-кен өңдеу кешенінде электрик болып еңбек етті. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкер.
Қоғамдық негізде 1997-2005 жылдары Сарысу аудандық ауған соғысы ардагерлер ұйымы төрағасының көмекшісі, 2005 жылдан осы уақытқа дейін Сарысу аудандық ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы қызметін атқарып келеді.
Отбасылы, 6 ұл-қыз тәрбиелеп, өсіріп отыр.
Әскери борышын өтеген жылдары және ауған соғысының ардагері ретінде «За заслуги » ордені, «За отвагу», «70 лет ВС СССР», «Войну-интернационалисту», «От блогодарного афганского народа», «15 лет вывода СВ из ДРА», «За воевые заслуги», «20 лет вывода СВ из ДРА» «Кенес Одагынын Маршалы Г.К.Жуков», «25 лет вывода СВ из ДРА», «30 лет вывода СВ из ДРА» медальдармен, «За сомоотверженный ратный труд в ТУРКВО» белгісімен марапатталған.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20жыл», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін», «Сарысу ауданына 90 жыл», «Сарысу ауданына 95 жыл» мерекелік медальдармен марапатталған.
Марат Сыздықбаев Сарысу аудандық ауған соғысы ардагерлер ұйымының төрағасы және ауған соғысының ардагері ретінде аудан өміріне, аудандағы қоғамдық, саяси, мәдени шараларға, жастарға патриоттық тәрбие беру бағытындағы жұмыстарға белсене араласып келеді.