«КЕҢЕС БЕРУ АЛАҢЫ» — САЗТЕРЕКТЕ
2023 жылдың 10 қазанынан басталған «Кеңес беру алаңы» 19 қазан күні Сазтерек ауылдық округінде жалғасын тапты.
Ауыл тұрғындары мен жастар қамтылған шараға жалпы, 61 адам қатысты.
Ауылдық округке тұрғындардың өтінішімен ауданның «Мансап» орталығы, аудандық аурухананың «Жастар денсаулық орталығы», сондай-ақ «Жастар ресурстық орталығынан» психолог және заңгер мамандары шақырылып, кеңес берді.
Алдағы уақытта ауданның басқа да ауылдық округтерінде осындай шаралар өз жалғасын табады.