КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
Бүгін Сарысу аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшелері бас қосты.
Ақсақалдар кеңесінің мүшелері аудан көлеміндегі барлық маңызды қоғамдық, саяси, мәдени шараларға белсене ат салысу керектігін айтып, алдағы күндері атқаратын жұмыс жоспарларымен танысты.
Жиын барысында кеңес мүшелері ақсақалдар кеңесінің рөлі мен мәртебесі арттыру, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту, елдің дамуындағы мақсаттар мен міндеттерге қоғамды топтастыру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар төңірегінде әңгімелесті.
Айта кету керек, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің 2022 жылғы 25 қарашада бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі туралы Ережеге сәйкес, ауданда құрамы 5 адамнан тұратын 1 аудандық ақсақалдар кеңесі және өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған Түркістан ауылдық округінде 1 округтік ақсақалдар кеңесі құрылған.
Сарысу ауданы әкімдігі