Кеңсе қызметкеріне керекті заттар

Кеңсеңізде күніңіздің жайлы әрі сәтті өтуі үшін әрдайым жаныңыздан табыла кететін керекті заттар болуы керек. Бүгін біз сіздерді кеңсе қызметкерлеріне қажетті заттармен таныстыратын боламыз. Күні бойы кеңседе отырып қызмет жасайтындардың жұмысы оңай деп қарауға болмайды. Бір орында отырып қызмет жасау денсаулыққа кері әсерін тигізері де белгілі. Бір ауық компьютерден алыстап, тынығып тұрғанның пайдасы зор. Ал қарбалас жұмыс сәтінде өзіңе қажетті дүниенің жұмыс үстеліңнен табыла кеткеніне не жетсін?!

  Су өткізбейтін пернетақта

Әдетте, компьютердің пернетақтасы шаң-тозаңға толып қалады. Ал бұл пернетақтаны күн сайын жуып тұрсаңыз да болады.

Аяқ қоюуға арналған керме

Бір сәт тыныққан кезде жұмыс үстеліңіздің астына байлап, аяғыңызды созып отыруыңызға болады. Бірақ, күніге қайталамай, әдептілік танытқаныңыз да абзал.

«Саналы» саптыаяқ

Бұл саптыаяқ шайға немесе кофеге қосқан қантыңызды өзі араластырып береді. Уақыт үнемдеу үшін арнайы жасалған.

Шағын шаңсорғыш

USB арқылы жұмыс жасайтын шағын шаңсорғыш жұмыс үстеліңізді оңай тазартуға арналған таптырмас құрал.

Лазер пернетақта

Бұл құралды да USB арқылы компьютерге жалғап, жұмысыңызды жасай беруіңізге болады.

Фитнес үстелі

Бұл үстел отыруға ыңғайсыз көрінгенмен, денсаулыққа пайдалы көрінеді.

Тынығуға арналған жастық пен матрац

Басыңызға оранып алып ұйықтай берсеңіз болады. Ал ол жеткіліксіз болса, матрац бар.

Шағын мұздатқыш

Суыңыз бен тағамдарыңыздың салқын жерде сақталуы үшін таптырмас дүние.

Жаттығуға арналған басқыш (педаль)

Әріптестеріңіздің мазасын алмай бір сәт аяғыңызды шынықтыруға болады.

Шағын бокс аспалы тұлыбы (груша)

Компьютерге тесіле қарап отырудан шаршаған сәтте соққы жасап сергіп алуға болады.

Мөр

«Ұнады» немесе «ұнамады» мөрін жұмысыңызда пайдалансаңыз артық болмайды.

Қоқыс жәшігі

Жұмыс үстеліңізде қажет емес қағаздар толып кеткен кезде бір сәт ермек етуге болады.

Хат жазуға арналған «жемістер»

Әр түрлі жемістер үлгісіндегі қағаздар да жұмыс үстеліңіздің сәнін келтіріп, керек сәтте пайдаға да жарайды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай 

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/tehno/bilesiz-be/20311/