Кеншілер мәдениет сарайында ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Махаббат періштесі» атты лирикалық ән кеші өтті
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шаралар аясында Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Махаббат періштесі» атты лирикалық ән кеші өтті.
Кеш қонақтары: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Клара Төленбаева және атақты эстрада әншісі Сейіл Аяған.
Концертте Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі мен жеке орындаушылары –Кұрмаш Ыбышев, Гүлмира Тапай, Айбек Рымғали және «Көзкөргендер» ардагерлер ансамблі өнер көрсетті.
Жомарт Шаймұрат