КЕНШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Тамыз айының соңғы жексенбісінде еліміз бойынша кеншілердің кәсіби мерекесі аталып өтетіні белгілі.
✅Аталмыш мерекеге орай, Ақбақай ауылында орналасқан «Алтыналмас АҚ» Ақбақай филиалына арнайы барып қайттым.
⤴️Бұл саланың еңбеккерлері оны дамытуға қосқан қомақты үлестерін, өз жұмыстарының нәтижесін орынды мақтаныш ете алады.
👍 Алдағы уақытта да отандық экономиканың тиімді өркендеуіне және елдің әлеуетінің нығаюына атсалыса бересіздер деп кәміл сенемін.
⚡Сіздерге мықты денсаулық, табыс пен игілік, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!,-деп ізгі ниетімді жеткіздім.
❗Сонымен қатар шахтадағы кеншілердің бірқатарын “Ауданға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттадым.
📝Сондай-ақ, ауыл тұрғындарымен жолығып, олардың талап тілектеріне құлақ түрдім.
✅Ақбақайдағы білім ошағының қысқа дайындығын тексеріп, қазандық ахуалын барып көрдім.
‼️Және Мирный ауылындағы ауыз су мәселесіне қатысты ауылдықтармен жолығып, көтерілген мәселелер бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нақты тапсырмалар бердім.