Кентау қаласы толықтай газбен қамтылатын болады
Еліміз Тәуелсіздік алғалы да 26 жыл болды. Осы қысқа мерезімде Қазақстанның қол жеттізген табыстары толағай. Мұндай даму көрсеткіші бір кездері құлдырауды бастан өткерген Кентау қаласында да байқалады. Қала тұрғындарын газбек қамтамасыз ету мақсатында «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырының 1230 шақырымында №14 «Қызыләскер» АГТС және Үлгілі елді мекені арқылы АГТС-тан Кентау қаласына дейін таратушы газ құбырын салу» нысанының 4 049,845 миллион теңге жобалық сметалық құны дайындалған. Оған 26.02.2014 жылы мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, Кентау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан және мердігер арасында 2015 жылы келісім шарт түзіліп, құны 3 842,730 миллион теңгелік құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілді.
2015 жылы аталған құрылыс нысанына жалпы бір миллиард теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 100 миллион теңге, облыстық бюджет есебінен 900 миллион теңге қаржы қаралған. Өткен жылы аталған жұмыстарға облыстық бюджеттен 2 609 734 мың теңге қаржы қарастырылған. 2017 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша 42,8 миллион теңге игерілген.
Жалпы келер жылдан бастап Кентау қаласы толықтау газбен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Р. БАЛАБИ,
ОҚО, Кентау қаласы.