КЕНТАУДА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ОРЫНДАРҒА ҚОҚЫС ТАСТАҒАН ТҰРҒЫНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

✔️Көктем мезгілінің жақындауына байланысты Кентау қаласы аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі іске асырылуда. Осыған орай, қалалық полиция қызметкерлері рейдтік іс-шара ұйымдастырып, тұрақты жүргізуді қолға алған.
✔️Нәтижесінде, белгіленбеген орындарға қоқыс тастаған, ластаған және тыйым салынған тұрмыстық қатты қалдықтарды тастаған орындар анықталып, тұрғындарға айыппұл салынды. Мұндағы басты мақсат – қоқыс тастаудың мәдениетіне үйрету.
✔️Айта кетейік, «Әкімшілік құқық бұзушылық» Заңының 434-бабына сәйкес, ретсіз қоқыстарды тастау, белгіленбеген орындарды, қоғамдық жерлерді ластау бойынша тәртіпсіздік орын алса: 10 АЕК (39320 тенге) айыппұл салынады.
✔️Ал, 505-бабы бойынша абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бойынша тәртіпсіздік жасалу нәтижесінде 20АЕК айыппұл салынады.
✔️Тазалықты әр адам өзінен бастау қажет. Барша тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, қоғамдық орындарда тазалық сақтауға шақырамыз!
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі