Кенжебек Укин 80 де

Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Үкіұлы Укин 26 шілде күні мерейлі 80 жасқа толады.

 

Есіңде әлі, туған жерің – Қойтасың,

Күршіміңді оған қоса айтасың. Балалық шақ, киелі жер дем берген,

Ыстық саған сай саламен, тау-тасың.

Жастық жалын білінгенді көзіңнен,

Бір бойыңнан талай дарын сезілген.

Үстаздықтан бастау алып алдымен,

Көш басшысын көрді халық өзіңнен.

Өнеріңмен, біліміңмен танылдың,

Сан биіктің шыңдарынан табылдың.

Тәуелсіздік заманында тарихи,

Тұрақтадың жағасында Тобылдың.

Жөнін табар мұң-мұқтаждың, дауының.

Тел баласы даламенен тауының.

Әділдік пен қамқорлықтың өзі деп,

Сенім артқан ардагерлер қауымың.

Үлгі тұтам өткен өмір жолыңды,

Шын жүректен қыспақ едім қолыңды.

Пандемия жол бермеді жоспарға,

Білдірмек ем мерейтойда ойымды.

Ақ тілекті 80-інде жолдаймын,

Ардағына Қостанай мен Торғайдың.

100 жасауға лайықтысың Кенжеке,

Сүйген ұлын Жаратқанда қолдайды.

Жеті шумақ арнау жаздым жан ағам,

Ініңмін деп жалғасуға жараған.

Ел таныған, бағаланған Нар тұлғаң,

Ойлап тапқан ештеңем жоқ жаңадан.

 

Зор құрметпен,

Көпболсын Бекмағанбет,

республикалық ардагерлер ұйымы

Орталық кеңес төрағасының орынбасары