Кездесу
«Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында құрылған «Этнос және конфессияаралық келісім» тобы «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы Е.Қаншымбеков өңірдегі этносаралық ахуалдың негізгі аспектілерін анықтау мақсатында фокус-топтық зерттеулер өткізді.
Сондай-ақ, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің этносаралық қатынастар саласында әдістемелік көмек көрсету және мониторинг жүргізу бөлімінің әдіскері Р.Ерханұлы жастар арасындағы толеранттық деңгейін анықтау және қарым- қатынас этикасын қалыптастыру мақсатында студенттерге арналған тимбилдингпен, мотивациялық іс шаралар өткізді. Сонымен қатар, өңірдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту жөніндегі жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.
Қордай ауданының әкімдігі