Кездесу
Бүгін өңірдегі этнос өкілдері тығыз шоғырланған елді мекендерге ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жоспарға сәйкес Жамбыл ауданының Қызылқайнар, Гродиково, Полатқосшы, Ақбұлым, Жамбыл ауылдық округтерінің тұрғындарымен, этномәдени бірлестік өкілдерімен, жастармен кездесулер өткізілді.
Ақпараттық түсіндіру жұмыстарына облыс прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры А. Жұмабеков, Жамбыл облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А. Сейілхан, «Қазақстан Республикасы күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы» аймақтық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С. Алиев қатысты.
Кездесу барысында өңірдегі этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік Тудың қолдану аясы мен этносаралық алауыздықты тудыратын жалған ақпарат таратуға жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Жалпақтөбе ауылындағы мәдениет үйінде Жамбыл ауданының этномәдени бірлестіктері арасында «Өнерім саған Қазақстан» атты фестиваль өткізілді.
Улана Сламбекова