Кездесу

“Ауыл” партиясы Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалының жұмысшы тобы жоспарға сәйкес, ауданымызда болып, тұрғындарымен және шаруа қожалықтарымен кездесті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Н.Молдабеков қатысып, жүргізіп отырды.
🔰Жиын барысында филиал төрағасы А.Райқұлов партияның атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. Сонымен қатар, партия жанынан құрылған “Мейірім құшағы” әйелдер комиссиясының жұмысымен А.Сәрсенбаева, партия жанынан құрылған Ауыл жастары “Жастар қанатының” жұмысымен Т.Сағадиновтың да баяндамасы тыңдалды.
🔰Кездесу барысында ұзақ жылдар ауданда аумақтық партия ұйымының төрағасы болған М.Наширбаевқа аудан әкімінің орынбасары Н.Молдабеков пен партияның өңірлік филиалының төрағасы А.Райқұлов партияның Алғыс хатын тапсырып, партияның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, иығына шапан жапты. Өңірлік филиалда өткен саяси кеңес отырысының шешімімен тағайындалған, аумақтық партия ұйымының жаңа төрағасы болып А.Аманов таныстырылды.
🔰Жалпы жиында гендерлік саясат, ауылдағы ахуал, ауылдағы жастарды жұмыспен қамту арқылы ауылға шоғырландыру, ауылдағы дәрігерлер мен мұғалімдердің жетіспеушілігі, ауыл тұрғындарын азайтпау туралы мәселелер қозғалды.
🔰Кездесуде тұрғындар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді қозғады.