КЕЗДЕСУ

КЕЗДЕСУ

♦ Жиынға ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпараттарды қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Қалыбек Жақыбаев, ҚР бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Қуанышбек Джарикбасов, Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек, Талас ауданының прокуроры Нұржан Әділов, Талас ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мұхамед-Рахым Оспанов қатысты.
♦ Жиында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша полиция органдарымен қылмыстық құқық бұзушылық фактілері бойынша азаматтардың өтініштерін номенклатуралық іске негізсіз жолдау және жергілікті атқарушы органдармен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қаралуы туралы баяндамалар жасалды.
♦ Өз кезегінде кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.
♦ Сонымен қатар Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарында азаматтардың арыз-шағымдарын есепке алу, тіркеу және қарау барысы туралы айтылды. Одан бөлек, Талас ауданының халқына 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары түсіндірілді.

ТАЛАС АУДАНЫ ӘКІМДІГІ